Аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылғы 21 тамыздағы хаттамасы

Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы -  Елена Александровна Запорожану  төрағалық етеді.

Е.А. Запорожану

Қайырлы күн құрметті отырысқа қатысушылар!

Бүгін аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтуде.

Комиссия жұмысына Федоров аудандық мәслихатының депутаттары, ауданның мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының басшылары, жергілікті қоғамдастық мүшелері, ардагерлер кеңесінің төрағасы, Баннов ауылдық округі әлеуметтік саласының өкілдері қатысады.

Күн тәртібіндегі мәселе: Баннов ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жай-күйі және оның одан әрі даму перспективалары туралы.

Сөз Баннов ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Инна Сергеевна Хачайға беріледі (баяндама комиссияның отырысына қоса беріледі).

/И.С. Хачайдың сөзі/

Е.А. Запорожану

Инна Сергеевнаға сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.

Сөз аудандық мәслихаттың депутаты Артем Сергеевич Резникке беріледі (баяндама комиссияның отырысына қоса беріледі).

/А.С. Резниктің сөзі/

 Е.А. Запорожану

Сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

Құрметті комиссия отырысына қатысушылар, талқыға салынған мәселе бойынша қаулы қабылдауымыз қажет, келесі жобаны ұсынамын:

  1. Баннов ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы И.С. Хачайдың «Баннов ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жай-күйі және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы» ақпараты назарға алынсын.
  2. Баннов ауылдық округінің әкіміне ұсынылсын:

- ауылдық округ салықтарын жинаудың толықтығын, бюджетті сапалы жоспарлау мен орындауды қамтамасыз етсін;

- ауылдық округ тұрғындарын мал шаруашылығын дамытуға, шағын бизнесті қолдауға, Нәтижелі жұмыспен қамтуға, округке инвестициялық жобаларды тартуға және т. б. бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға тарту бойынша жұмыс жүргізсін;

- азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуын қолдау, жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірлесіп, округте туындайтын мәселелерді тұрақты бақылауда ұстау және шешу жолдары табылсын;

- Банновка ауылындағы көпфункционалды спорт алаңының жабынын ауыстыру мәселесін қарастырсын;

- ауылдық округтің елді мекендерін абаттандыру жұмыстарын жалғастырсын.

  1. «Федоров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Банновка ауылындағы шағын орталық ғимаратындағы терезелерді ауыстыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылсын.
  2. Осы қаулыны орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп 2026 жылғы 1 маусымға қарай ұсынылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Құрметті депутаттар, осы қаулы бойынша ескерпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.

Егер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.

Жақтап? Қарсы? Қалыс қалған? Бірауыздан қабылданды.

«Баннов ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жай-күйі және оның одан әрі даму перспективалары туралы» қаулы комиссияның хаттамасына қоса беріледі.

Осымен комиссия өз жұмысын аяқтайды.

Назарларыңызға рахмет. 

Әлеуметтік даму және заңдылық

мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссияның төрайымы                                                          Е. Запорожану

Дата публикации
29 августа 2025