Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы XІ сессиясы отырысының 2025 жылғы 6 тамыздағы хаттамасы

Сессияны Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Берик Ескендирович Исенгазин ашады және жүргізеді.

Б.Е. Исенгазин

Қайырлы күн құрметті депутаттар және шақырылғандар!

Бүгін аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы он бірінші сессиясының отырысы өткізілуде. Сессия Федоров аудандық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес шақырылды.

Сессияға 8 депутат қатысып отыр, қажетті кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.

Сессия жұмысына Федоров ауданының әкімі Тәуба Қайыржанұлы Исабаев қатысып отыр. Сондай-ақ сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, Қоғамдық кеңестің мүшелері, ауданның мемлекеттік ұйымдарының басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Құрметті депутаттар, бізге ХІ сессияның күн тәртібін бекіту қажет.

Сессия күн тәртібінің жобасы Сіздерге таратылды.

Күн тәртібінде 11 мәселелер.

Күн тәртібін бекітуді ұсынамын. Басқа ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.

Егер басқа ұсыныстар болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы ХІ сессиясының күн тәртібі туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Мәселелерді қарауға көшпес бұрын депутаттар сессияның барлық материалдарын алдын ала электрондық форматта алғанын және олармен егжей-тегжейлі танысуға мүмкіндік алғанын атап өткім келеді.

Регламент бойынша: мәселелерді қарауға қажеттілік бойынша уақыт бөлуді ұсынамын.

Бірінші мәселе бойынша «Федоров ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есеп беруі туралы» сөз Федоров ауданының әкімі Тауба Каиржанович Исабаевқа беріледі (сөзі сессияның хаттамасына қоса беріледі).

/Т.К. Исабаевтың сөзі/

Б.Е. Исенгазин

Тауба Каиржановичке сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.

Б.Е. Исенгазин

Сөз аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Алексей Мерекеевич Байназаровқа беріледі (сөзі сессияның хаттамасына қоса беріледі).

/А.М. Байназаровтың сөзі/

Б.Е. Исенгазин

Тағы сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

Құрметті депутаттар! Бізге осы есеп бойынша шешім қабылдау керек. Мынадай шешім жобасын ұсынамын:

 Федоров ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есеп беруін тыңдап шығып, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Федоров ауданының әкімі Т.К. Исабаевтың өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есебі бекітілсін.
  2. Аудан әкіміне:

- жыл қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық көрсеткіштерінің оң серпінін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүргізу;

- жыл қорытындысы бойынша бюджеттік қаражаттарды уақтылы, тиімді пайдалану жөніндегі шараларды қабылдау;

- жыл қорытындысы бойынша бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

  1. Аудан әкімінің орынбасарларына, ауылдық округтердің әкімдеріне, мемлекеттік мекемелердің басшыларына:

- жыл қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестицияларды тарту жөніндегі НКИ 100%-дан кем емес орындалуын қамтамасыз ету;

- өндірістік және әлеуметтік кешендерді 2024-2025 жылдардың күз-қыс маусымында жұмысқа дайындау жөніндегі шараларды қабылдау;

- мемлекеттік сатып алу, шарттар жасасу және оларды қазынашылық органдарында тіркеу рәсімдерін уақтылы өткізу ұсынылсын. Сондай-ақ өнім берушілер мен мердігерлердің шарттық міндеттемелерді орындауын бақылауда ұстау;

- елді мекендерді санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылсын.

  1. «Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-не, ауылдық округтердің әкімдеріне:

- ауданның өнеркәсіптік кәсіпорындарының өнім шығаруын ерекше бақылауға алу және 2025 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің НКИ  2024 жылғы деңгейден төмен емес болуын қамтамасыз ету;

- азық дайындаудың белгіленген көлемдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

  1. «Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-не:

- құрылыс-монтаж жұмыстарының НКИ 100,1%-дан кем емес қамтамасыз ету;

- 2025 жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үйді 2024 жылдың деңгейінен төмен емес пайдалануға берілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.

  1. Атқарылған жұмыс туралы есеп 2025 жылғы 1 қаңтарға және 1 шілдеге қарай ұсынылсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.

Құрметті депутаттар, осы жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма? Жоқ.

Егер ескертпелер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Федоров ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есеп беруі туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Б.Е. Исенгазин

Екінші мәселе бойынша «Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы» сөз Федоров ауданы әкімінің орынбасары Рамиль Гадельзянович Валеевке беріледі (сөзі сессияның хаттамасына қоса беріледі).

/Р.Г. Валеевтің сөзі/

Б.Е. Исенгазин

Тағы сөз сөйлейтін деушілер бар ма? Жоқ.

Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар.

Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Федоров ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Күн тәртібінің үшінші мәселесі «Мәслихаттың 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 12 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелерді белгiлеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес біз шешімде денсаулық сақтау мамандарын алып тастауымыз қажет.

Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар.

Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 12 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелерді белгiлеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Келесі мәселе «Мәслихаттың 2024 жылғы 6 наурыздағы № 106 «Қостанай облысының Федоров ауданында коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы. «Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі 2021 – 2030 жылдарға арналған Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 479 қаулысының күші жойылуына байланысты мәслихат шешіміне өзгеріс енгізуіміз қажет.

Құрметті депутаттар, жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма? Жоқ.

Егер жоқ болса, дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2024 жылғы 6 наурыздағы № 106 «Қостанай облысының Федоров ауданында коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Б.Е. Исенгазин

Келесі мәселе «Мәслихаттың 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 15 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектігі бар адамдарды оңалту және қоғаммен етене араласуы мәселелері жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».

Кадрлық өзгерістерге байланысты комиссия құрамына мынадай өзгерістер енгізу қажет:

1) Федоров ауданы әкімінің орынбасары Рамиль Гадельзянович Валеев - комиссия төрағасы болып енгізілсін;

2) «Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қуаныш Асылбекұлы Муканов, «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Айнур Толепбергеновна Салпенова комиссия мүшелері енгізілсін;

3) К. К. Муратова, А.К. Бектабанова, Д.Д. Сәрсенбетов шығарылсын.

Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 15 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектігі бар адамдарды оңалту және қоғаммен етене араласуы мәселелері жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Келесі мәселе «Мәслихаттың 2019 жылғы 5 ақпандағы № 312 «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің интеграцияланған моделін енгізу және сапасын мониторингілеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».

Кадрлық өзгерістерге байланысты комиссия құрамына мынадай өзгерістер енгізу қажет:

1) Федоров ауданы әкімінің орынбасары Рамиль Гадельзянович Валеев комиссия төрағасы болып енгізілсін;

2) Сергей Викторович Василенко – «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы комиссия мүшесі болып енгізілсін;

3) К.К. Муратова, Д.С. Капсултанов шығарылсын.

Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2019 жылғы 5 ақпандағы № 312 «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің интеграцияланған моделін енгізу және сапасын мониторингілеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Сессияның күн тәртібінде Федоров ауданы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрамына өзгерістер енгізу туралы 5 мәселе қалды, олардың құрамында:

1) Федоров ауданы әкімінің орынбасары Рамиль Гадельзянович Валеевті комиссия төрағасы болып енгізу;

2) К.К. Муратованы шығару.

Құрметті депутаттар сіздің қолыңызда шешім жобалары бар, әр мәселе бойынша жеке дауыс беруді ұсынамын.

«Мәслихаттың 2023 жылғы 6 қыркүйектегі № 49 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселе бойынша кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2023 жылғы 6 қыркүйектегі № 49 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

«Мәслихаттың 2016 жылғы 9 қарашадағы № 67 «Федоров ауданы әкімінің жанындағы Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі арнайы комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселе бойынша кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2016 жылғы 9 қарашадағы № 67 «Федоров ауданы әкімінің жанындағы Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі арнайы комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

«Мәслихаттың 2013 жылғы 21 қазандағы № 167 «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша арнайы комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселе бойынша кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2013 жылғы 21 қазандағы № 167 «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша арнайы комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

«Мәслихаттың 2016 жылғы 9 қарашадағы № 69 «1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін растау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселе бойынша кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2016 жылғы 9 қарашадағы № 69 «1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін растау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

«Мәслихаттың 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 112 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселе бойынша кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 112 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Құрметті депутаттар, XI сессия күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.

Сессияны жүргізуде ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.

Өтінішпен немесе хабарламамен сөз сөйлеймін деуші депутаттар бар ма? Жоқ.

Сессия жабық деп жарияланады.

Назарларыңыз үшін рақмет.

Федоров аудандық

мәслихатының төрағасы                                                               Б. Исенгазин 

Дата публикации
12 августа 2025