Федоров ауданы Қоғамдық кеңесі отырысының 2025 жылғы 29 шілдедегі хаттамасы

Төрағалық еткен: З.А. Шашкова – ҚК мүшесі

Қатысқандар: Н.А. Аслиева, М.Б. Ахметчин, И.А. Бекмухамбетова, А.А. Ворожеев, Б.А. Сапарова, Қ.С. Сейткереева, Б.А. Умертаев                 

Шақырылғандар:

Р.А. Алтынбеков – «Жаркөл» ЖШС директоры

С.В. Калиевская – Федоров ауылдық округі әкімінің орынбасары

Күн тәртібі:

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның жұмысы туралы.

(ақпарат. Қ.С. Сейткереева)

  1. «Жаркөл» ЖШС директоры Р.А. Алтынбековтың Федоров ауылдық округінің тұрғындарына қызмет көрсету және «Жаркөл» ЖШС-нің 2025-2026 жылдарға арналған міндеттері туралы есебі.

(ақпарат. Р.А. Алтынбеков)

Тыңдалды: Қ.С. Сейткереева – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның жұмысы туралы (ақпарат қоса беріледі).

Сөз сөйлегендер: Б.А. Сапарова, З.А. Шашкова

Шешім қабылданды:

  1. Қ.С. Сейткерееванің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның жұмысы туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені жүргізілсін, тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ҚР заңнамасын сақтауын қамтамасыз ететін түсіндіру іс-шаралары жүргізілсін.

Тыңдалды: Р.А. Алтынбеков – Федоров ауылдық округінің тұрғындарына қызмет көрсету жұмысы және «Жаркөл» ЖШС-нің 2025-2026 жылдарға арналған міндеттері туралы (ақпарат қоса беріледі).

Сөз сөйлегендер: С.В. Калиевская, Н.А. Аслиева, А.А. Ворожеев, Б.А. Сапарова

Өз сөздерінде олар тұрғындардан ҚТҚ полигонының ыңғайсыз жұмыс кестесіне көптеген шағымдар, сондай-ақ жеке үйлерден қоқыс шығаруды ұйымдастыру туралы өтініштер келіп түскенін атап өтті.

Шешім қабылданды:

  1. Р.А. Алтынбековтің «Федоров ауылдық округінің тұрғындарына қызмет көрсету жұмысы және «Жаркөл» ЖШС-нің 2025-2026 жылдарға арналған міндеттері туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
  2. «Жаркөл» ЖШС директоры Р.А. Алтынбековке ҚТҚ полигонының жұмыс кестесін халықтың назарына жеткізу ұсынылсын.
  3. Жеке аулалардан қоқыс шығару мәселесі шешілсін.
  4. «Жаркөл» ЖШС жұмысы мәселесі бақылауда қалдырылсын, 2025 жылғы 1 қазанда ұсынымдардың орындалуы туралы ЖШС директоры тыңдалсын.

Федоров ауданы

Қоғамдық кеңесінің төрайымы                                                С. Баймурзина

Дата публикации
31 июля 2025