Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясы отырысының 2025 жылғы 27 маусымдағы хаттамасы

Сессияны Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Берик Ескендирович Исенгазин ашады және жүргізеді.

Б.Е. Исенгазин

Қайырлы күн!

Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының отырысы өткізілуде. Отырысқа 8 депутат қатысып отыр, кезектен тыс сессияның жұмысы үшін қажетті кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.

Сессия жұмысына Федоров ауданының әкімі Тәуба Қайыржанұлы Исабаев қатысып отыр, сондай-ақ сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Құрметті депутаттар, кезектен тыс сессияның күн тәртібін бекітуіміз қажет. Күн тәртібінің жобасы Сіздерге алдын ала берілген болатын.

Күн тәртібінде 5 мәселе:

  1. Мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 154 «Федоров ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Аудандық жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы ережені бекіту туралы.
  3. Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 «Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Мәслихаттың 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 73 «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  5. Мәслихаттың 2017 жылғы 24 наурыздағы № 121 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Осы күн тәртібін кім жақтайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Регламент бойынша: қарастырылып отырған мәселелер бойынша қажеттілігіне қарай уақыт беруді ұсынамын.

«Мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 154 «Федоров ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» бірінші мәселе бойынша «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Светлана Франковна Завощенкоға сөз беріледі (сөзі сессия хаттамасына қоса беріледі).

/С.Ф. Завощенконың сөзі/

 Б.Е. Исенгазин

Светлана Франковнаға сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.

Тағы сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 154 «Федоров ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

 Күн тәртібінің келесі мәселесі – Аудандық жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы ережені бекіту туралы.

Құрметті депутаттар, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 15-бабы 1-тармағының 5-3) тармақшасына сәйкес бізге жер комиссиясы туралы ережені және келесі құрамдағы комиссияны бекіту қажет:

Капсултанов Джанибек Серикович

- Федоров ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

Шматко Антон Игоревич

- «Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары;

Карабаева Нурбике Аскаровна

- «Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы.

Комиссия мүшелері:

 

Анисимова Татьяна Ивановна

- ««Капитал» несие серіктестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Басқарма төрайымы;

Байназаров Алексей Мерекеевич

- «Олжа Алтын-Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары;

Запорожану Елена Александровна

- Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің өкілі;

Иванько Лариса Григорьевна

- «Туған Жер» шаруа қожалығының басшысы;

Костенко Лидия Николаевна

- Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының Федоров ауданы филиалының директоры;

Муканов Куаныш Асылбекович

- «Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;

Мырзахметов Адиль Маратович

- «Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;

Резник Артём Сергеевич

- Федоров аудандық мәслихатының депутаты;

Шашкова Зоя Андреевна

- Федоров ауылдық округі бойынша жергілікті өзін-өзі басқару органының өкілі.

Шешім жобасы қолдарыңызда бар.

Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Аудандық жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы ережені бекіту туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Келесі мәселе – Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 «Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес шығып қалғандардың орнына мыналарды учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері ретінде сайлау қажет:

№ 810 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Алисейчик Наталья Геннадьевна.

№ 813 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Жодь Екатерина Владимировна.

№ 823 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Краснорылов Юрий Петрович.

№ 829 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Грибова Анастасия Викторовна.

Құрметті депутаттар, жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма? Жоқ.

Егер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 «Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Күн тәртібінің келесі мәселесі – Мәслихаттың 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 73 «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Кадрлық өзгерістерге байланысты нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабының құрамын мынадай редакцияда жазу керек:

Валеев Рамиль Гадельзянович

- Федоров ауданы әкімінің орынбасары,         төраға;

Тулебаев Мурат Азаматович

- «Федоров ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, төрағаның орынбасары;

Кизатов Нурлыбек Амангельдинович

- «Федоров ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі криминалдық полиция бөлімінің бастығы, хатшы.

Штаб мүшелері:

 

Ахметчин Мустафа Булатович

- «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы;

Бекмухамбетова Инна Александровна

- «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;

Бектыбаева Динара Абдыкаримовна

- «Федоров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;

Коваленко Евгений Григорьевич

- «Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;

 

Сарсенбетов Данияр Дуйсенбекулы

- «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тiлдерді дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнің басшысы;

Сыргабаев Мылтыккали Сегизбаевич

- «Федоров аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері;

Телемисов Турар Ахмадиевич

- Федоров ауданының прокуроры;

Тынынбаева Инна Анатольевна

- Федоров ауданы пробация қызметі бөлімінің бастығы.

Шешім жобасы қолдарыңызда бар.

Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 73 «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Соңғы мәселе – Мәслихаттың 2017 жылғы 24 наурыздағы № 121 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Кадрлық өзгерістерге байланысты комиссия құрамына мынадай өзгерістер енгізу қажет:

1) Айменов Жаслан Жумабекович - «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әдіскері, комиссия хатшысы болып енгізілсін;

2) Василенко Сергей Викторович - «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы, комиссия мүшесі болып енгізілсін;   

3) Т.Б. Куанышбаев шығарылсын.

Жоба бойынша ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2017 жылғы 24 наурыздағы № 121 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Құрметті депутаттар! Кезектен тыс сессияның күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.

Сессияны жүргізуде ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.

Өтінішпен немесе хабарламамен сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

Сессия жабық деп жарияланады.

Жұмыстарыңыз үшін барлықтарыңызға рақмет.

Федоров аудандық

мәслихатының төрағасы                                           Б. Исенгазин

Дата публикации
02 июля 2025