Федоров ауданы Қоғамдық кеңесі отырысының 2025 жылғы 29 мамырдағы хаттамасы

Төрағалық еткен: С.А. Баймурзина – ҚК төрайымы

Қатысқандар: Н.А. Аслиева, М.Б. Ахметчин, И.А. Бекмухамбетова, А.А. Ворожеев, А.С. Мырзахметова, Б.А. Сапарова, Қ.С. Сейткереева, З.А. Шашкова

Шақырылғандар:

Н.И. Ермоленко – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Федоров ауданының білім бөлімі» ММ бас маманы

Г.Б. Умертаева – «Федоров ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау қызметінің басшысы

Р.Д. Баймурзин – «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы

А.Д. Қуантаев – «Қостанай облысы бойынша Еңбек ұтқырлығы орталығы» КММ «Федоров ауданының Мансап орталығы» филиалының басшысы                           

Күн тәртібі:

  1. 2025 жылдың жазында Федоров ауданында балалардың сауығуы мен демалысын ұйымдастыру туралы.

(ақпарат. Н.И. Ермоленко)

  1. Жастар ресурстық орталығының, аудан еріктілерінің «Таза Қазақстан» акциясын орындау барысы, жалғызбасты қарт азаматтарға, мүгедектерге үй маңындағы аумақтарды жинау бойынша көмек көрсету туралы.

(ақпарат. М.Б. Ахметчин)

  1. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мониторинг барысында анықталған ескертулер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы.

(ақпарат. Г.Б. Умертаева)

  1. Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын бейімдеу жөніндегі 2024 жылға арналған бағдарламаны орындау және 2025 жылға арналған бағдарлама туралы.

(ақпарат. Р.Д. Баймурзин)

  1. «Қостанай облысы бойынша Еңбек ұтқырлығы орталығы» КММ «Федоров ауданының Мансап орталығы» филиалының басшысы А.Д. Қуантаевтың жұмысшы кәсіптеріне кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі бағдарламаны орындау туралы ақпараты.

Тыңдалды: Н.И. Ермоленко – 2025 жылдың жазында Федоров ауданында балалардың сауығуы мен демалысын ұйымдастыру туралы (ақпарат қоса беріледі).

Сөз сөйлегендер: Н.А. Аслиева, И.А. Бекмухамбетова

Шешім қабылданды:

  1. 2025 жылдың жазында Федоров ауданында балалардың сауығуы мен демалысын ұйымдастыру туралы ақпарат мәліметке алынсын.
  2. Ата-аналардың қырағылығын арттыру мақсатында ата-аналардың чаттарында, мектептердің Instagram парақшаларында, сондай-ақ интернет-ресурста балалар жарақаттануының алдын алу бойынша материалдарды, суда жүріс-тұрыс ережелерін және т.б. тұрақты жариялау ұсынылсын.
  3. Балалардың жазғы демалысын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және өткізу мәселесі тұрақты бақылауда ұсталсын.

Тыңдалды: М.Б. Ахметчин – Жастар ресурстық орталығының, аудан еріктілерінің «Таза Қазақстан» акциясын орындау барысы, жалғызбасты қарт азаматтарға, мүгедектерге үй маңындағы аумақтарды жинау бойынша көмек көрсету туралы (ақпарат қоса беріледі).

Сөз сөйлегендер: И.А. Бекмухамбетова, С.А. Баймурзина

Шешім қабылданды:

  1. ЖРО басшысы міндетін атқарушының ақпараты назарға алынсын.
  2. ЖРО, еріктілерге, ауылдық округ әкімдеріне барлық мұқтаж мүгедектерді, жалғызбасты қарт азаматтарды көмекпен қамту ұсынылсын.     

Тыңдалды: Г.Б. Умертаева – Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мониторинг барысында анықталған ескертулер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы (ақпарат қоса беріледі).

Сөз сөйлегендер: З.А. Шашкова, С.А. Баймурзина, Б.А. Сапарова

Шешім қабылданды:

  1. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мониторинг барысында анықталған ескертулер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы ақпарат назарға алынсын.
  2. Қоғамдық кеңес мүшелеріне AMANAT партиясымен, «Федоров ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау қызметімен бірлесіп, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ай сайын мониторинг жүргізу ұсынылсын.

Тыңдалды: Р.Д. Баймурзин – Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын бейімдеу жөніндегі 2024 жылға арналған бағдарламаны орындау және 2025 жылға арналған бағдарлама туралы (ақпарат қоса беріледі).

Сөз сөйлегендер: Қ.С. Сейткереева, З.А. Шашкова, С.А. Баймурзина

Сөз сөйлеушілер хат жіберілген ұйымдардың басшылары объектілерді бейімдеу бойынша қабылданған шаралар туралы «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не хабарлауға тиіс екенін атап өтті. Ақпарат келіп түспейді. Осы мәселені кезекті отырыста Бағдарламаны орындамайтын басшыларды шақыра отырып қарау туралы ұсыныс енгізілді.

Н.И. Ермоленко Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы 2025 жылға Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектепті бейімдеуге 12,0 млн.теңге сомасында ақшалай қаражат бөлгенін баяндады.

Шешім қабылданды:

  1. Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын бейімдеу жөніндегі 2024 жылға арналған бағдарламаны орындау және 2025 жылға арналған бағдарлама туралы ақпарат назарға алынсын.
  2. Қоғамдық кеңестің 2025 жылғы маусымдағы кезекті отырысында бейімделу жөніндегі бағдарламаны орындамайтын басшылар тыңдалсын.

Тыңдалды: А.Д. Қуантаев – Жұмысшы кәсіптеріне кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі бағдарламаны орындау туралы (ақпарат қоса беріледі).

Сөз сөйлегендер: С.А. Баймурзина, Б.А. Сапарова

Шешім қабылданды:

  1. Жұмысшы кәсіптеріне кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі бағдарламаны орындау туралы ақпарат назарға алынсын.
  2. Мансап орталығына ауыл округтеріне барып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыру, оқушылар мен колледж студенттері арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу ұсынылсын. Кәсіпкерлердің, ШҚ басшыларының өтінімдері бойынша жұмысшыларды оқыту жұмысы жалғастырылсын.

Федоров ауданы

Қоғамдық кеңесінің төрайымы                                                С. Баймурзина

Дата публикации
02 июня 2025