2025 жылғы 15 мамырдағы №52 қаулы

2025 жылғы жазғы кезеңде балалардың

демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы

Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Федоров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Д.А. Бектыбаеваның «2025 жылдың жазғы кезеңінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» ақпараты назарға алынсын.
  2. «Федоров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын:

 - 2025 жылдың жазғы кезеңінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастырсын;

 - суда және жолда жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүргізсін;

- жазғы кезеңде балалардың демалысы, бос уақыты және жұмыспен қамтылуы туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде жариялау, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу туралы ақпараттық материал жарияласын.

  1. Осы қаулыны орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп 2025 жылғы 1 қарашаға қарай ұсынылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Әлеуметтік даму және заңдылық

мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссияның төрайымы                                                              Е. Запорожану

Дата публикации
27 мая 2025