Тұрақты комиссияның отырысын аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Елена Александровна Запорожану ашады және жүргізеді.
Е.А. Запорожану
Қайырлы күн құрметті депутаттар мен шақырылғандар!
Бүгін аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтуде.
Комиссия жұмысына аудандық мәслихаттың депутаттары, ауданның мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының басшылары, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
Күн тәртібінде 2 мәселе:
Бірінші мәселе бойынша сөз сөйлеу «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Данияр Дүйсенбекұлы Сәрсенбетовке беріледі (баяндамасы хаттамаға қоса беріледі).
/Д.Д. Сәрсенбетовтың сөзі/
Е.А. Запорожану
Данияр Дуйсенбекұлына сұрақтарыңыз бар ма?
Т. Зия
Мәдениет саласындағы ұйымдарында бос орындар бар ма?
Д.Д. Сәрсенбетов
Қазіргі таңда 2 бос орын бар. Оның біреуі – орталық аудандық кітапхананың басшысы, екіншісі – Пешков ауылдық клубының хореограф-маманы.
А.С. Резник
Мәдениет мекемелерінің барлық ғимараттары мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктеріне бейімделген бе?
Д.Д. Сәрсенбетов
Барлық мекеме бейімделген деп айта алмаймын. 37 мәдениет мекемелерінің 10-ы толық бейімделген, 18-і жартылай бейімделген, 9-ы бейімделмеген. Оның ішінде Алаботалы ауылдық клубын бейімдеу бойынша аудандық бюджеттік коммиссия төрағасының атына өтініш жіберілді.
Е.А. Запорожану
Тағы сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.
Талқыға салынған мәселе бойынша қаулы қабылдауымыз қажет, келесі жобаны ұсынамын:
- мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жалғастырсын;
- ведомстволық бағынысты мекемелердің материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту жөнінде шаралар қабылдасын;
- аудан тұрғындарын мәдени-ойын-сауық және әлеуметтік маңызды іс-шараларға тарту бойынша жұмысты жалғастырсын;
- орталық аудандық кітапхана штатын және Пешков ауылдық клубын жасақтау жөнінде шаралар қабылдасын;
- ауданның мәдениет мекемелері мамандарының біліктілігі мен шығармашылық шеберлігін арттырсын;
- мәдени тәрбие беруді арттыруға, шығармашылық әлеуетті дамытуға, жас таланттарды анықтауға және қолдауға бағытталған мәдениет мекемелерінде балалар мен жастардың мазмұнды бос уақытын ұйымдастырсын;
- мәдениет мекемелерін мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктеріне бейімделсін.
Осы қаулы бойынша ескерпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Жақтап? Қарсы? Қалыс қалған? Бірауыздан қабылданды.
«Федоров ауданында мәдениет саласын дамыту туралы» тұрақты комиссияның қаулысы комиссияның хаттамасына қоса беріледі.
Екінші мәселе бойынша «2025 жылғы жазғы кезеңде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» сөз «Федоров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Динара Абдыкаримовна Бектыбаеваға беріледі (баяндамасы хаттамаға қоса беріледі).
/Д.А. Бектыбаеваның сөзі/
Е.А. Запорожану
Динара Абдыкаримовнаға сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.
Менің ішкі саясат бөлімінің өкіліне сұрағым бар, айтыңызшы, жазғы кезеңде оқушылар мен студенттерді уақытша жұмысқа орналастыру және жалпы жұмыспен қамту бойынша қандай жобалар жоспарланған?
В.С. Бочкарев
Жазғы кезеңде «Жасыл Ел» жобасы іске асырылатын болады, шарт «Баян» ЖК-мен 9 млн.800 мың теңге сомасына жасалды. 55 адамды, 14-16 жас аралығындағы -10 адамды, 16-18 жас аралығындағы -35 адамды, 18 және одан жоғары жастағы -10 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Жауынгердің жалақысы 100 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, ішкі саясат бөлімі 5 мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырады, оның 3-і жастар ортасына бағытталған. Бұл жобалар: "Тандау үшін" кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алуға бағытталған; "Жайдарман" КВН; "Достық керуені" патриотизмді нығайтуға бағытталған.
Е.А. Запорожану
Тағыда сұрақтарыңыз болады ма? Жоқ.
Құрметті комиссия отырысына қатысушылар талқыға салынған мәселе бойынша қаулы қабылдауымыз қажет, келесі жобаны ұсынамын:
- 2025 жылдың жазғы кезеңінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастырсын;
- суда және жолда жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүргізсін;
- жазғы кезеңде балалардың демалысы, бос уақыты және жұмыспен қамтылуы туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде жариялау, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу туралы ақпараттық материал жарияласын.
Осы қаулы бойынша ескерпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Жақтап? Қарсы? Қалыс қалған? Бірауыздан қабылданды.
«2025 жылғы жазғы кезеңде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» тұрақты комиссияның қаулысы комиссияның хаттамасына қоса беріледі.
Құрметті отырысқа қатысушылар осымен комиссия өз жұмысын аяқтайды.
Жұмыс үшін барлықтарыңызға рахмет.
Әлеуметтік даму және заңдылық
мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссияның төрайымы Е. Запорожану