Сессияны Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Берик Ескендирович Исенгазин ашады және жүргізеді.
Б.Е. Исенгазин
Қайырлы күн құрметті депутаттар және шақырылғандар!
Бүгін аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы оныншы сессиясының отырысы өткізілуде.
11 депутаттан сессияға 9 қатысып отыр, қалған депутаттар дәлелді себептер бойынша қатыспады. Кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.
Сессия жұмысына Федоров ауданы әкімінің орынбасары Мұратова Карина Қайратқызы, сондай-ақ Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Арман Жақсыбекұлы Испудинов қатысып отыр.
Сессияға аудан әкімінің орынбасары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
X сессиясының күн тәртібінде мынадай мәселелер ұсынылады:
Құрметті депутаттар, сессия күн тәртібінің жобасы Сіздерге алдын ала таратылды.
Күн тәртібін бекітуді сұраймын. Басқа ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.
Егер басқа ұсыныстар болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Қарсы? Қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы X сессияның күн тәртібі туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Регламент бойынша: қарастырылатын мәселелер бойынша қажеттілігіне қарай уақыт бөлуді, барлық ұйымдастыру мәселелерін ашық дауыс беру арқылы шешуді ұсынамын.
Құрметті сессияға қатысушылар, мәселелерді қарастыруға кіріспес бұрын, депутаттар сессия материалдарын алдын ала алғанын және олардың онымен танысуы мүмкін болғанын атап өткен жөн. Алдын ала қарауды талап ететін мәселелер тұрақты комиссияның отырысында қаралды.
Құрметті депутаттар, күн тәртібінің бірінші мәселесіне кірісейік – Федоров ауданы аудандық бюджетінің 2024 жылы атқарылуы туралы есепті бекіту туралы.
Баяндама жасау үшін Федоров ауданы әкімінің орынбасары Карина Қайратқызы Мұратоваға сөз беріледі (баяндамасы сессияның хаттамасына қоса беріледі).
/К.Қ. Мұратованың сөзі/
Б.Е. Исенгазин
Карина Қайратқызына сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.
Б.Е. Исенгазин
Федоров ауданы бюджетінің атқарылуына бақылау жүргізу нәтижелері туралы Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Арман Жаксыбекович Испудиновке сөз беріледі (баяндамасы сессияның хаттамасына қоса беріледі).
/А.Ж. Испудиновтің сөзі/
Б.Е. Исенгазин
Арман Жаксыбековичке сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.
Б.Е. Исенгазин
Аудандық бюджеттің кіріс бөлігін 2024 жылы атқару бойынша «Федоров ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Тахир Сабиржанович Губайдулинге сөз беріледі (баяндамасы сессияның хаттамасына қоса беріледі).
/Т.С. Губайдулиннің сөзі/
Б.Е. Исенгазин
Тахир Сабиржановичке сұрақтарыңыз бар ма?
А.Ж. Испудинов
КТС бойынша түсіндіріңізші, неліктен 2024 жылға арналған жоспарға қол жеткізілмеген?
Т.С. Губайдулин
Өздеріңіз білетіндей, біздің ауыл шаруашылығы өңірімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден түсетін түсімдердің азаюы төмендеу себептері болды, сондай-ақ ауданда бір кәсіпорын өз жұмысын тоқтатты, бұл да осы жағдайға әсер етті.
А.Ж. Испудинов
2025 жылға КТС болжамы қандай?
Т.С. Губайдулин
76,6% болжамдаймыз.
А.Ж. Испудинов
Шығыс бөлігі ше?
К.Қ. Мұратова
Біз бюджет қаражатын орынды пайдалану үшін шығыс бөлігін талдау бойынша жұмыс жүргіземіз, сондай-ақ инвесторларды тартуға тырысамыз. Біздің ауданда 2 ірі фирма қайта тіркелді, шығындарды жабу үшін оларға үміт артамыз.
Б.Е. Исенгазин
Тағы сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.
Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Алексей Мерекеевич Байназаровқа сөз беріледі (баяндамасы сессияның хаттамасына қоса беріледі).
/А.М. Байназаровтың сөзі/
Б.Е. Исенгазин
Тағы сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.
Құрметті депутаттар! Федоров ауданы бюджетінің 2024 жылы атқарылуы туралы есепті бекітуді ұсынамын.
Басқа ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.
Егер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.
«Федоров ауданы бюджетінің 2024 жылы атқарылуы туралы есепті бекіту туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Б.Е. Исенгазин
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша Федоров ауданы ауылдық округтері және Новошумный ауылы бюджеттерінің 2024 жылы атқарылуы туралы есептерді бекіту туралы Карина Қайратқызы және Арман Жаксыбекович бізді хабардар етті, сондай-ақ депутаттар онымен аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында егжей-тегжейлі танысты.
Құрметті депутаттар! Шешім жобасы Сіздердің қолдарыңызда бар.
Ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз, қарсылықтарыңыз бар ма? Жоқ.
Егер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.
«Федоров ауданы ауылдық округтері және Новошумный ауылы бюджеттерінің 2024 жылы атқарылуы туралы есептерді бекіту туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Б.Е. Исенгазин
Күн тәртібіндегі соңғы мәселесі «Федоров аудандық мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы».
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, Федоров ауданының бюджеттік комиссияның құрамын бекіту туралы мәслихаттың шешімдерін жоюмыз қажет.
Құрметті депутаттар! Шешім жобасы Сіздердің қолдарыңызда бар.
Ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз, бар ма? Жоқ.
Егер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.
«Федоров аудандық мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.
Б.Е. Исенгазин
Құрметті депутаттар мен шақырылғандар, Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы Х сессиясының күн тәртібіндегі мәселелер қарастырылды.
Сессияны жүргізуде ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.
Өтінішпен немесе хабарламамен қатысушы депутаттар бар ма? Жоқ.
Сессия аяқталды. Жұмыстарыңыз үшін рақмет!
Федоров аудандық
мәслихатының төрағасы Б. Исенгазин