2025 жылғы 30 сәуірдегі №49 қаулы

Федоров ауданы аудандық бюджетінің

2024 жылы атқарылуы туралы

Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Федоров ауданы әкімінің орынбасары К.К.Муратованың,  «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Д.С. Капсултановтың «Федоров ауданы аудандық бюджетінің 2024 жылы атқарылуы туралы» ақпараттары мәліметке алынсын.
  2. Ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшыларына Федоров ауданы бюджетінің 2024 жылы атқарылуы туралы есепті қарастыру қорытындылары бойынша әзірленген Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының ұсыныстары мен ұсынымдарын назарға алу ұсынылсын.
  3. Осы мәселе Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы X сессиясының қарауына енгізілсін.
  4. Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Алексей Мерекеевич Байназаровқа Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы X сессиясында аудандық бюджеттің 2024 жылы атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындымен сөз сөйлеу тапсырылсын.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Бюджет, экономика, жергілікті

мемлекеттік басқару және өзін-өзі

басқару мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссияның төрағасы                                         А. Байназаров

Дата публикации
27 мая 2025