Федоров ауданы Қоғамдық кеңесі отырысының 2025 жылғы 30 сәуірдегі хаттамасы

Төрағалық еткен: С.А. Баймурзина – ҚК төрайымы

Қатысқандар: Н.А. Аслиева, М.Б. Ахметчин, И.А. Бекмухамбетова,     А.А. Ворожеев, Е.А. Запорожану, А.С. Мырзахметова, Қ.С. Сейткереева, Б.А. Умертаев, З.А. Шашкова

Шақырылғандар:

Б.А. Бакитжанов – Федоров ауылдық округінің әкімі;

Г.Б. Умертаева – «Федоров ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау қызметінің басшысы.

Күн тәртібі:

  1. Қазақстан халқының бірлігі күніне, Отан қорғаушы күніне, Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі жоспардың орындалу барысы туралы.

(ақпарат. И.А. Бекмухамбетова)

  1. Федоровка ауылын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі бағдарламаның орындалу барысы туралы.

(ақпарат. Б.А. Бакитжанов)

  1. «Федоров ауданының тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету туралы» мониторингінің қорытындысы бойынша ұсынымның орындалу барысы туралы.

(ақпарат. Г.Б. Умертаева)

Тыңдалды: И.А. Бекмухамбетова – Қазақстан халқының бірлігі күніне, Отан қорғаушы күніне, Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі жоспардың орындалу барысы туралы (ақпарат қоса беріледі).

Сөз сөйлегендер: А.С. Мырзахметова, С.А. Баймурзина, З.А. Шашкова

Қоғамдық кеңес мүшелері мерекелерді дайындау бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанына назар аударды. Еріктілер мүгедектерге, ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетеді. Еріктілер негізінен колледжден, жұмысшы жастарды тарту, еңбек ұжымдарында кездесулер өткізу қажет.   

Шешім қабылданды:

  1. Жастар ресурстық орталығына, «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ жұмысшы жастарды еріктілер қозғалысына тарту ұсынылсын.
  2. Жас ұрпақпен «Әрбір азаматтың қасиетті міндеті – Отанға, халыққа қызмет ету» тақырыбында әңгімелер, кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізілсін.

Тыңдалды: Б.А. Бакитжанов – Федоровка ауылын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі бағдарламаның орындалу барысы туралы (ақпарат қоса беріледі).

Сөз сөйлегендер: Е.А. Запорожану, А.С. Мырзахметова, С.А. Баймурзина

Қоғамдық кеңес мүшелері абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын, бюджеттік ұйымдарды ғана емес, меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдарды да тарту қажеттігін атап өтті.

Шешім қабылданды:

  1. Аумақтарды санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша көпқабатты үйлерде жиындар өткізу ұсынылсын.
  2. Абаттандыру және көгалдандыру бойынша сенбіліктерге қатысу бойынша барлық меншік нысанындағы ұйымдармен, кәсіпорындармен жұмыс жүргізілсін.

Тыңдалды: Г.Б. Умертаева – «Федоров ауданының тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету туралы» мониторингінің қорытындысы бойынша ұсынымның орындалу барысы туралы (ақпарат қоса беріледі).

Сөз сөйлегендер: Е.А. Запорожану, А.А. Ворожеев, А.С. Мырзахметова, З.А. Шашкова

Қоғамдық кеңес мүшелері өз сөздерінде мониторингтің барлық ұйымдары барлық ескертулерді жойғанын атап өтті және мамыр айында бірнеше рет бұзушылықтарға жол береген, жойып, қайтадан бұзушылықты жіберген мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауаптыларды шақыра отырып, Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысын өткізуді ұсынды.

Шешім қабылданды:

  1. «Федоров ауданының тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету туралы» мониторинг қорытындылары бойынша ұсынымның орындалу барысы туралы» ақпарат назарға алынсын.
  2. 2025 жылғы мамыр айында «Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» мониторинг жүргізілсін, мониторинг қорытындысы бойынша бұзушылықтарға бірнеше рет жол беретін ұйымдардың басшыларын шақыра отырып, кеңейтілген отырыс өткізілсін.

Федоров ауданы

Қоғамдық кеңесінің төрайымы                                                С. Баймурзина

Дата публикации
16 мая 2025