Ленин ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген
функциялары мен міндеттерін орындау туралы есеп беруі
Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- округ тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту және әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру бойынша жұмыстарды белсенді жүргізсін;
- жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірлесе отырып, округте туындайтын мәселелерді шешу жолдарын тұрақты бақылауда ұстау және азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуын қолдасын;
- ауылдық округті абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру және барлық меншік нысандары мен оларға іргелес аумақтардың эстетикалық жай-күйін тиісті түрде келтіру бойынша жүйелі және мақсатты жұмысты жалғастырсын;
- инфрақұрылымдық және әлеуметтік объектілерді дамыту, еңбекке қабілетті халықты жұмыспен қамтуды барынша қамтамасыз ету, жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру жөніндегі мәселелерге назар аударсын;
- кәсіпкерлікті, мал шаруашылығын қолдау және дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастырсын;
- Ленино ауылындағы Молодежная көшесіндегі жол төсеміне жөндеу жұмыстарын жүргізу барысын және мердігердің объектіні тапсыру мерзімдерін уақтылы сақтауын бақылауға алсын.
Бюджет, экономика, жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссияның мүшесі Н. Поставничий