Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысының 2025 жылғы 26 ақпандағы хаттамасы

Аудандық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссияның мүшесі Николай Юрьевич Поставничий  төрағалық етеді.

Қайрлы күн құрметті депутаттар мен отырысқа қатысушылар!

Бүгін аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өткізілуде.

Отырысқа шақырылғандар мен қатысқандар: мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары қатысып отыр.

Күн тәртібінде мынадай мәселе:

Ленин ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есеп беруі.

Н.Ю. Поставничий

«Ленин ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есеп беруі» сөз Ленин ауылдық округінің әкімі Абай Аскарович Сейдахметовке беріледі (сөзі комиссияның хаттамасына қоса беріледі)

/А.А. Сейдахметовтың сөзі/

Н.Ю. Поставаничий

Абай Аскаровичке сұрақтарыңыз бар ма?

Б.Е. Исенгазин

Әкім аппараты қайндай мемлекеттік қызметтер көрсетеді?

А.А. Сейдахметов

Ақпан айының басынан бастап бізге ЭЦҚ арқылы хабарласа бастады. ШҚ басшылары қызметкерлерді «Еңбек» арқылы қабылдайды, сондықтан қазір жұмысқа орналасатын адам бізге ЭЦҚ алу үшін келеді.

Н.Ю. Поставничий

Талқыланған мәселе бойынша қаулы қабылдауымыз керек, келесі жобаны ұсынамын:

Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ленин ауылдық округінің әкімі А.А. Сейдахметовтың «Ленин ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есеп беруі туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
  2. Ленин ауылдық округінің әкіміне ұсынылсын:

- округ тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту және әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру бойынша жұмыстарды белсенді жүргізсін;

- жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірлесе отырып, округте туындайтын мәселелерді шешу жолдарын тұрақты бақылауда ұстау және азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуын қолдасын;

- ауылдық округті абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру және барлық меншік нысандары мен оларға іргелес аумақтардың эстетикалық жай-күйін тиісті түрде келтіру бойынша жүйелі және мақсатты жұмысты жалғастырсын;

- инфрақұрылымдық және әлеуметтік объектілерді дамыту, еңбекке қабілетті халықты жұмыспен қамтуды барынша қамтамасыз ету, жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру жөніндегі мәселелерге назар аударсын;

- кәсіпкерлікті, мал шаруашылығын қолдау және дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастырсын;

- Ленино ауылындағы Молодежная көшесіндегі жол төсеміне жөндеу жұмыстарын жүргізу барысын және мердігердің объектіні тапсыру мерзімдерін уақтылы сақтауын бақылауға алсын.

  1. Ленин ауылдық округінің әкімі «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп округтің әлеуметтік объектілерін ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қажеттіліктеріне бейімдеу жөніндегі мәселені бақылауға алсын.
  2. Осы қаулыны орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп 2025 жылғы 1 қыркүйекке қарай ұсынылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Н.Ю Поставничий

Осы қаулы бойынша, ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Жақтап? Қарсы? Қалыс қалған? Бірауыздан қабылданды.

«Ленин ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есеп беруі» шешім комиссияның хаттамасына қоса беріледі.

Н.Ю. Поставничий

Құрметті отырысқа қатысушылар осымен комиссия өз жұмысын аяқтайды.

Жұмыс үшін барлықтарыңызға рахмет.

Бюджет, экономика, жергілікті

мемлекеттік басқару және өзін-өзі

басқару мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссияның мүшесі                                          Н. Поставничий

Дата публикации
08 мая 2025