Сессияны Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Берик Ескендирович Исенгазин ашады және жүргізеді.
Б.Е. Исенгазин
Қайырлы күн!
Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының отырысы өткізілуде. Отырысқа 8 депутат қатысып отыр, кезектен тыс сессияның жұмысы үшін қажетті кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.
Сессия жұмысына Федоров ауданы әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Құрметті депутаттар, кезектен тыс сессияның күн тәртібін бекітуіміз қажет. Күн тәртібінің жобасы Сіздерге алдын ала берілген болатын.
Кезектен тыс сессиясының күн тәртібінде мәселе: Федоров ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын бекіту туралы.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Күн тәртібін кім жақтайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Регламент бойынша: қарастырылып отырған мәселе бойынша қажеттілігіне қарай уақыт беруді ұсынамын.
Сөз «Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Антон Игоревич Шматкоға беріледі (баяндамасы сессияның хаттамасына қоса беріледі.
/А.И. Шматконың сөзі/
Б.Е. Исенгазин
Антон Игоревичке сұрақтарыңыз бола ма?
А.М. Байназаров
Жайылымдарды басқару жоспарының орындалуын кім бақылайды?
А.И. Шматко
Жоспардың орындалуын ауданның жергілікті атқарушы органы Федоров ауданының жер қатынастары бөлімінің уәкілетті органы және жайылымдардың орналасқан жері бойынша тікелей ауылдық округтердің әкімдіктері бақылайтын болады.
Сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.
Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар.
Жоба бойынша ұсыныстар, ескертпелер бар ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Федоров ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын бекіту туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Құрметті депутаттар! Кезектен тыс сессия күн тәртібіндегі мәселе қаралды.
Сессияны жүргізуде ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.
Өтінішпен немесе хабарламамен сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.
Сессия жабық деп жарияланады.
Жұмыстарыңыз үшін барлықтарыңызға рахмет.
Федоров аудандық
мәслихатының төрағасы Б. Исенгазин