Сессияны Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Берик Ескендирович Исенгазин ашады және жүргізеді.
Б.Е. Исенгазин
Қайырлы күн!
Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының отырысы өткізілуде. Отырысқа 8 депутат қатысып отыр, кезектен тыс сессияның жұмысы үшін қажетті кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Құрметті депутаттар, кезектен тыс сессияның күн тәртібін бекітуіміз қажет. Күн тәртібінің жобасы Сіздерге алдын ала берілген болатын.
Кезектен тыс сессиясының күн тәртібінде 9 мәселе.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Осы күн тәртібін кім жақтайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Мәселелерді қарастыруға көшейік
Регламент бойынша: қарастырылып отырған мәселелер бойынша қажеттілігіне қарай уақыт беруді ұсынамын.
Бірінші мәселе – Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 186 «Федоров аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес шығып қалғандардың орнына мыналарды округтік сайлау комиссияларының мүшелері ретінде сайлау қажет:
№ 3 округтік сайлау комиссиясы бойынша
Гузь Людмила Васильевна
№ 5 округтік сайлау комиссиясы бойынша
Ручникова София Сергеевна
№ 6 округтік сайлау комиссиясы бойынша
Карпенко Надежда Дмитриевна
№ 11 округтік сайлау комиссиясы бойынша
Найпак Татьяна Владимировна.
Құрметті депутаттар, жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 186 «Федоров аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Б.Е. Исенгазин
Келесі мәселе – Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 «Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес шығып қалғандардың орнына мыналарды учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері ретінде сайлау қажет:
№ 791 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша
Ахметова Раушан Кинисовна
№ 793 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша
Харченко Татьяна Викторовна
№ 797 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша
Велиев Амид Насраддин-оглы
№ 804 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша
Ермакова Наталья Николаевна
№ 806 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша
Кнаус Евгений Андреевич
№ 817 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша
Убыкина Динара Каирбековна
№ 818 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша
Дощанова Гульнара Асембековна
№ 826 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша
Бекмурзина Гульнара Нурлановна
№ 828 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша
Колесник Наталья Владимировна
№ 837 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша
Богатырёва Валентина Васильевна
№ 841 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша
Есенгельдинова Гульмира Тасеновна
№ 843 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша
Карпинский Александр Сергеевич
№ 846 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша
Жуган Виктория Владимировна.
Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бар ма? Жоқ.
Құрметті депутаттар, дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 «Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Б.Е. Исенгазин
«Мәслихаттың 2017 жылғы 24 наурыздағы № 121 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселесі бойынша, кадрлық өзгерістерге байланысты комиссия құрамына мынадай өзгерістер енгізу қажет:
1) Куанышбаев Тагир Багдатович – «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы комиссия хатшысы болып енгізілсін;
2) Н.А. Желтяник, В.Г. Воробкало шығарылсын.
Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бар ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Мәслихаттың 2017 жылғы 24 наурыздағы № 121 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Б.Е. Исенгазин
Келесі мәселе – Мәслихаттың 2013 жылғы 21 қазандағы № 167 «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша арнайы комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Кадрлық өзгерістерге байланысты комиссия құрамына мынадай өзгерістер енгізу қажет:
1) Муратова Карина Кайратовна – Федоров ауданы әкімінің орынбасары комиссия төрайымы болып енгізілсін;
2) Р.Г. Валеев шығарылсын.
Құрметті депутаттар, жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Мәслихаттың 2013 жылғы 21 қазандағы № 167 «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша арнайы комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Б.Е. Исенгазин
Келесі мәселе – Мәслихаттың 2016 жылғы 9 қарашадағы № 67 «Федоров ауданы әкімінің жанындағы Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі арнайы комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Кадрлық өзгерістерге байланысты комиссия құрамына мынадай өзгерістер енгізу қажет:
1) Муратова Карина Кайратовна – Федоров ауданы әкімінің орынбасары комиссия төрайымы болып енгізілсін;
2) Р.Г. Валеев шығарылсын.
Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бар ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Мәслихаттың 2016 жылғы 9 қарашадағы № 67 «Федоров ауданы әкімінің жанындағы Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі арнайы комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Б.Е. Исенгазин
Күн тәртібінің алтыншы мәселесі – Мәслихаттың 2016 жылғы 9 қарашадағы № 69 «1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін растау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Кадрлық өзгерістерге байланысты комиссия құрамына мынадай өзгерістер енгізу қажет:
1) жаңа редакцияда жазылсын: «Ерёмина Татьяна Ильинична – «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Федоров ауданының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы, хатшы»;
2) Муратова Карина Кайратовна – Федоров ауданы әкімінің орынбасары комиссия төрайымы болып енгізілсін;
3) Р.Г. Валеев шығарылсын.
Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бар ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Мәслихаттың 2016 жылғы 9 қарашадағы № 69 «1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін растау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Б.Е. Исенгазин
Келесі мәселе – Мәслихаттың 2019 жылғы 5 ақпандағы № 312 «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің интеграцияланған моделін енгізу және сапасын мониторингілеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Кадрлық өзгерістерге байланысты комиссия құрамына мынадай өзгерістер енгізу қажет:
1) Муратова Карина Кайратовна – Федоров ауданы әкімінің орынбасары комиссия төрайымы болып енгізілсін;
2) Капсултанов Джанибек Серикович – «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы комиссия мүшесі болып енгізілсін;
3) Р.Г. Валеев, В.Г. Воробкало шығарылсын.
Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма? Жоқ.
Құрметті депутаттар, дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Мәслихаттың 2019 жылғы 5 ақпандағы № 312 «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің интеграцияланған моделін енгізу және сапасын мониторингілеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Б.Е. Исенгазин
Келесі мәселе – Мәслихаттың 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 15 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектігі бар адамдарды оңалту және қоғаммен етене араласуы мәселелері жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Кадрлық өзгерістерге байланысты комиссия құрамына мынадай өзгерістер енгізу қажет:
1) Муратова Карина Кайратовна – Федоров ауданы әкімінің орынбасары комиссия төрайымы болып енгізілсін;
2) Бектабанова Акжан Кайратовна – «Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттiк мекемесінiң бас маманы комиссия мүшесі болып енгізілсін;
3) Р.Г. Валеев, Ж.Ж. Бексултанов шығарылсын.
Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бар ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Мәслихаттың 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 15 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектігі бар адамдарды оңалту және қоғаммен етене араласуы мәселелері жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Б.Е. Исенгазин
Күн тәртібінің соңғы мәселесі – Мәслихаттың 2023 жылғы 6 қыркүйектегі № 49 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Кадрлық өзгерістерге байланысты комиссия құрамына мынадай өзгерістер енгізу қажет:
1) Муратова Карина Кайратовна – Федоров ауданы әкімінің орынбасары комиссия төрайымы болып енгізілсін;
2) Мырзахметов Адиль Маратович – «Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы комиссия мүшесі болып енгізілсін;
3) Р.Г. Валеев, А.Р. Уразбаев шығарылсын.
Жоба бойынша ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Жақтап? Қарсы? Қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Мәслихаттың 2023 жылғы 6 қыркүйектегі № 49 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Құрметті депутаттар! Кезектен тыс сессия күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.
Сессияны жүргізуде ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.
Өтінішпен немесе хабарламамен сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.
Сессия жабық деп жарияланады.
Жұмыстарыңыз үшін барлықтарыңызға рақмет.
Федоров аудандық
мәслихатының төрағасы Б. Исенгазин