2025 жылғы 18 наурыздағы №48 қаулы

Федоров ауданында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы

Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Г. Коваленконың, «Федоров аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ басшысы С.В. Фурсовтың және «Федоров аудандық ауруханасы» КМК емхана меңгерушісі С.Ю. Фурсованың «Федоров ауданында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» ақпараттар мәліметке алынсын.
  2. «Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын:

- Федоров ауданы аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етсін;

- спорттық инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесін және оның сақталуын қамтамасыз етсін;

- ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп аудан тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға жаппай тартуға жәрдемдесін;

- Вишневый ауылдық округі және Новошумное ауылы спорт нұсқаушысымен жасақталсын;

- салауатты өмір салтын насихаттауды, оның ішінде спорт тақырыбына және аудан спортшыларының жетістіктері туралы материалдарды БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жариялауды жүзеге асырсын.

  1. «Федоров аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Федоров аудандық мәслихатын дене шынықтыру және спорт басқармасына жіберілген бюджеттік өтінімдерді қарау нәтижелері туралы хабардар ету ұсынылсын.
  2. «Федоров аудандық ауруханасы» КМК салауатты өмір салтын қалыптастыру, тамақтану және денсаулықты сақтаудың басқа да өзекті мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар өткізуді ұсынсын.
  3. «Федоров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын:

- ауданның жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша мақсатты жұмысты жүзеге асырсын;

- білім беру мекемелерін спорттық мүкәммалмен қамтамасыз ету жөнінде уақтылы шаралар қабылдасын;

- мектеп аумағында орналасқан спорт алаңдарын тиісті жағдайда ұсталсын.

  1. Осы қаулыны орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп 2026 жылғы 1 сәуірге қарай ұсынылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Әлеуметтік даму және заңдылық

мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссияның төрайымы                                                     Е. Запорожану

Дата публикации
07 апреля 2025