Аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Елена Александровна Запорожану тұрақты комиссияның отырысын ашады және жүргізеді.
Е.А. Запорожану
Қайырлы күн құрметті депутаттар мен шақырылғандар!
Бүгін аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өткізілуде.
Комиссия жұмысына: Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Берик Ескендирович Исенгазин, аудандық мәслихат депутаттары, Новошумное ауылының әкімі, «Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Федоров БЖСМ басшысы, білім бөлімінің және аудандық аурухананың өкілдері қатысады.
Сондай-ақ, отырысқа жергілікті қоғамдастық мүшелері, ардагерлер кеңесінің төрағасы, Новошумное ауылының әлеуметтік саласының өкілдері шақырылды.
Күн тәртібіндегі мәселе: Федоров ауданында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
Сөз «Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Евгений Григорьевич Коваленкоға беріледі (сөзі тұрақты комиссияның отырыс хаттамасына қоса беріледі).
/Е.Г. Коваленконың сөзі/
Е.А. Запорожану
Евгений Григорьевичке сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.
Е.А. Запорожану
Сөз «Федоров аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Сергей Викторович Фурсовқа беріледі (сөзі тұрақты комиссияның отырыс хаттамасына қоса беріледі).
/С.В. Фурсовтың сөзі/
Е.А. Запорожану
Сергей Викторовичке сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.
Салауатты өмір салтын насихаттау саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы емхана меңгерушісі Светлана Юрьевна Фурсова айтып береді (сөзі тұрақты комиссияның отырыс хаттамасына қоса беріледі).
/С.Ю. Фурсованың сөзі/
Е.А. Запорожану
Светлана Юрьевнаға сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.
Тағы сөз сөйлейтін деушілер бар ма? Жоқ.
Талқыланған мәселе бойынша біз қаулы қабылдауымыз керек, келесі жобаны ұсынамын:
- Федоров ауданы аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етсін;
- спорттық инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесін және оның сақталуын қамтамасыз етсін;
- ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп аудан тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға жаппай тартуға жәрдемдесін;
- Вишневый ауылдық округі және Новошумное ауылы спорт нұсқаушысымен жасақталсын;
- салауатты өмір салтын насихаттауды, оның ішінде спорт тақырыбына және аудан спортшыларының жетістіктері туралы материалдарды БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жариялауды жүзеге асырсын.
- ауданның жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша мақсатты жұмысты жүзеге асырсын;
- білім беру мекемелерін спорттық мүкәммалмен қамтамасыз ету жөнінде уақтылы шаралар қабылдасын;
- мектеп аумағында орналасқан спорт алаңдарын тиісті жағдайда ұсталсын.
Осы қаулы бойынша ескерпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Жақтап? Қарсы? Қалыс қалған? Бірауыздан қабылданды.
«Федоров ауданында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияның қаулысы комиссияның отырыс хаттамасына қоса беріледі.
Құрметті отырысқа қатысушылар осымен комиссия өз жұмысын аяқтайды.
Жұмыс үшін барлықтарыңызға рахмет.
Әлеуметтік даму және заңдылық
мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссияның төрайымы Е. Запорожану