Федоров аудандық мәслихатының «Федоров ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы» шешімінің жобасы (бұдан әрі - шешім жобасы) «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.
Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Шешім жобасы 2025 жылғы 1сәуірде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15504491 орналастырылды, талқылау мерзімі 01.04.2025 ж. – 16.04.2025 ж.