Федоров ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы

«Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1) тармақшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қоса беріліп отырған Федоров ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспар бекітілсін.
  2. «Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Федоров аудандық

мәслихатының төрағасы                                                            Б. Исенгазин

 

Дата публикации
04 апреля 2025