Федоров аудандық мәслихатының
төрағасы Б.Е. Исенгазиннің
IX сессия отырысындағы есебінің тезистері
Құрметті Тәуба Қайыржанұлы!
Құрметті депутаттар мен сессияға қатысушылар!
Аудандық мәслихаттың регламентіне сәйкес мәслихат төрағасы жылына кемiнде бiр рет мәслихаттың кезектi сессияларында атқарылған жұмыс туралы есеп бередi. Бүгін Сіздердің назарларыңызға 2024 жылы атқарылған жұмыс туралы есепті ұсынамын.
Мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылатыны заңнамалық түрде айқындалған және дәл осы сессиялар арқылы мәслихат мемлекеттік саясатпен және ауданның қажеттіліктерімен айқындалған негізгі міндеттерді іске асырады.
2024 жылы 13 сессия өткізілді, оның ішінде 4 - кезекті, 9 - кезектен тыс, олар аудан әкімінің және депутаттардың бастамасымен шақырылды. Аудандық мәслихаттың құзыретіне сәйкес есептік кезеңде 62 шешім қабылданды, оның ішінде 19 - нормативтік құқықтық сипаттағы.
Федоров ауданында коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді, тұрғын үй және әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалды, Федоров ауданында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту туралы мәселелері қаралды.
Сессияда аудандық бюджет 4 рет нақтыланды, ауылдық округтердің бюджеттерін - 4 рет. Барлық нақтылау жоғары тұрған бюджеттен бөлінген трансферттердің ұлғаюымен немесе азаюымен және қалыптасқан үнемдеуді қайта бөлумен байланысты болды.
Заңнама талаптарына сәйкес мәслихат сессияларында жыл сайын аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі, сондай-ақ аудандық және ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы есебі тыңдалады.
Аудандық мәслихат мәслихаттар отырыстары ашықтығының заңнамалық талабын орындайды, қазір сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстары Facebook әлеуметтік желісі арқылы онлайн режимінде көрсетіледі, онда әрбір сайлаушы қандай мәселелер талқыланып жатқанын және олар бойынша қандай шешімдер қабылданатынын көре алады.
Сессияның бекітуіне енгізілетін, алдын ала зерделеуді талап ететін мәселелерді депутаттар тұрақты комиссиялардың отырыстарында қарайды. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелері сессия отырыстарында қаралатын мәселелер бойынша қосымша баяндамалар немесе қорытындылар жасайды.
Аудандық мәслихаттың екі тұрақты комиссиясы 2024 жылы ауданның атқарушы органдарының уәкілетті лауазымды тұлғалары мен қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен түрлі әлеуметтік бағыттағы 25 мәселені қарады. Оның ішінде Лесное ауылында тұрақты комиссияның көшпелі отырысы өткізілді, онда Қоржынкөл ауылдық округінің әлеуметтік саласы жөніндегі мәселесі қаралды.
Тұрақты комиссиялардың отырыстарына дайындық кезінде мәслихат депутаттары қаралатын мәселелерді зерделеу шеңберінде ауылдарға, әлеуметтік, білім беру және мәдени нысандарға барып, аудан тұрғындарымен кездесті. Есептік кезеңде депутаттардың жұмыс топтары 18 нысанға барды, 5 ауылдық округ қамтылды.
2024 жылы мәслихаттың тұрақты комиссиялары мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға және сайлаушылармен байланысқа баса назар аудара отырып, елеулі жұмыс жүргізді.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға сәйкес депутат Сергей Евгеньевич Харчистов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында біліктілігін арттырды.
Есептік кезеңде аудан мен облыстың мемлекеттік органдарына 9 депутаттық сауал жолданды, олар бойынша түсініктемелер берілді.
2024 жылдың ақпанында депутаттар С.А. Баймурзина, Е.А. Запорожану, Б.Е. Исенгазин, А.С. Резник, Н.Ю. Поставничий мәслихаттың 2023 жылғы атқарған жұмысы туралы Воронеж, Костряков, Ленин ауылдық округтері мен Новошумное ауылының сайлаушыларымен есеп беру кездесулерін өткізді.
Желтоқсан айында депутаттардың сайлаушылармен 2024 жылғы есеп беру кездесулері басталды, оларды өткізу әлі де жалғасуда. Есеп беру кездесулерінде сайлаушылар көтеретін мәселелерді шешу бойынша депутаттар әрдайым аудан әкімі, уәкілетті мемлекеттік органдар, ауылдық округтердің әкімдері, ауданның ұйымдары мен кәсіпорындары тарапынан қолдау табады. Атқарушы органдармен тиімді өзара іс-қимыл аудан алдында тұрған мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.
Маусым айында мәслихат депутаттары Е.А. Запорожану, Т. Зия, Б.Е. Исенгазин, Н.Ю. Поставничий «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы ұйымдастырған «Қоғамдық коммуникацияның заманауи әдістері: құқықтық аспектілер, партиялық жобалар және SMM» семинар-тренингіне қатысты.
Аудандық мәслихаттың депутаттары Т. Зия және Н.Ю. Поставничий Астана қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының II республикалық форумына қатысты.
Парламентаризм институты, Парламентаризмді дамыту қоры, Қазақстан мәслихаты депутаттарының бірлестігі, ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Қарағанды қаласында мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және әдістемелік көмек көрсету бойынша тренинг ұйымдастырды, оған біздің депутаттар да қатысты.
Сегізінші шақырылым депутаттары мәслихаттардың 30-жылдығын мерекелеуге тікелей қатысушы болды. Бұл атаулы күн салтанатты іс-шарамен атап өтілді, депутаттар мерекелік медальдармен және ведомстволық наградалармен марапатталды.
Сондай-ақ мәслихаттардың 30-жылдығы аясында Парламент Сенаты мен Қазақстан шахмат федерациясы барлық деңгейдегі депутаттар арасында ұйымдастырған шахматтан «Senat Open» Кубогы өтті. Аудандық мәслихат депутаттары оған белсенді қатысып, Павлодар қаласында өткен жартылай финалға өтті.
Депутат Тілекберген Зия Қостанай облысы құрама командасының құрамында тоғызқұмалақтан «Абай жұлдызы» турниріне қатысты. Турнир Парламент Сенатының қолдауымен ҚР Тоғызқұмалақ Федерациясымен мәслихаттардың 30-жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылды. Финал Астана қаласында өтті, біздің команда 5 орынға ие болды.
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30-жылдығына орай Қостанай облыстық мәслихаты «Жизнь на ладони» жобасы аясында қайырымдылық концертін ұйымдастырды. Мәслихат депутаттары қайырымдылық акциясына белсенді қатысты, сондай-ақ депутаттар Е.А. Запорожану мен А.С. Резник концертке қатысты.
Федоров ауданының Қоғамдық кеңесі құрамының өкілеттіктері аяқталуына байланысты желтоқсан айында аудандық мәслихат мемлекеттік органдардан 3 өкіл және азаматтық қоғамнан 8 өкіл арақатынастағы Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру бойынша жұмысты бастады. Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы 45%-ға жаңартылды. Қоғамдық кеңестің төрайымы болып Сауле Арстановна Баймурзина сайланды.
Федоров аудандық мәслихатында «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясы өз қызметін жүзеге асырады. 2024 жылы 7 отырыс өткізілді, 14 мәселе қаралды, 53 ұсыныс берілді, олардың барлығы орындалды.
Фракция депутаттарының қатысуымен 38 көшпелі азаматтарды қабылдауы өткізілді, 78 мәселе қаралды, оның 61-і оң шешім тауып, 17-сі бойынша түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, партия филиалында 28 жеке қабылдау өткізіліп, 55 өтініш қаралды.
Өткен жылы ауданымызға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары (Мәжіліс депутаты Еркін Аманжолұлы Әбіл, Сенат депутаты Сергей Алексеевич Карплюк) жұмыс сапарымен келді. Сонымен қатар, Қостанай қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың Қостанай облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен кездесуі өтті. Аудандық мәслихат депутаттары осы кездесулерге әрдайым белсенді қатысады.
Қорытындылай келе, аудандық мәслихаттың қызметі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатына және бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес уақтылы және мақсатты түрде жүргізілгенін айтқым келеді.
Ақпаратқа қол жеткізу туралы заңды орындау мақсатында мәслихат аппараты Федоров аудандық мәслихатының ресми интернет-ресурсын ақпараттық қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде. Сайтта мәслихат жұмысы туралы барлық өзекті ақпарат орналастырылады, мәслихат сессияларының онлайн көрсетілімдеріне сілтемелер беріледі.
Ағымдағы жылы аудандық мәслихат депутаттарына депутаттық сауалдар, азаматтарды жеке қабылдау бойынша жұмысты жандандыру, депутаттық қызметте әлеуметтік желілерді белсенді пайдалану қажет.
Назарларыңызға рахмет!