Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы ІХ сессиясы отырысының 2025 жылғы 3 наурыздағы хаттамасы

Сессияны Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Берик Ескендирович Исенгазин ашады және жүргізеді.

Б.Е. Исенгазин

 Қайырлы күн құрметті депутаттар және шақырылғандар!

Бүгін аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы тоғызыншы сессиясының отырысы өткізілуде.

11 депутаттан сессияға 8 депутат қатысып отыр, қалған депутаттар дәлелді себептер бойынша қатыспады. Кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.

Сессия жұмысына Федоров ауданының әкімі Тәуба Қайыржанұлы Исабаев қатысып отыр.

Сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Қоғамдық кеңесінің мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Құрметті депутаттар! Сессия күн тәртібінің жобасы Сіздерге берілді.

Сессия күн тәртібінде 4 мәселе.

  1. Федоров ауданының ішкі саясаты саласында жүргізіліп жатқан жұмыс туралы.
  2. Федоров аудандық мәслихаты төрағасының 2024 жылы жүргізілген жұмыс туралы есеп беруі туралы.
  3. Мәслихаттың 2023 жылғы 22 қарашадағы № 82 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  4. Мәслихаттың 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 112 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Күн тәртібін бекітуді ұсынамын.

Басқа ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.

Басқа ұсыныстарыңыз болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы ІХ сессиясының күн тәртібі туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Мәселелерді қарастыруға кіріспес бұрын, депутаттар сессия материалдарын электронды форматта алдын ала алғанын және олардың онымен танысуы мүмкін болғанын атап өткен жөн.

Регламент бойынша: қарастырылатын мәселелер бойынша қажеттілігіне қарай уақыт бөлуді ұсынамын.

«Федоров ауданының ішкі саясаты саласында жүргізіліп жатқан жұмыс туралы» бірінші мәселе бойынша сөз «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Инна Александровна Бекмухамбетоваға беріледі (сөзі сессияның хаттамасына қоса беріледі).

/И.А. Бекмухамбетованың сөзі/

Б.Е. Исенгазин

Инна Александровнаға сұрақтарыңыз бола ма?

А.М. Байназаров

Ішкі саясат бөлімі мемлекеттік рәміздердің қолданылуына бақылауды жүзеге асыра ма? Мемлекеттік рәміздерді қолдану бойынша ауданда қандай тексерулер болды?

И.А. Бекмухамбетова

Иә, жоспар бойынша жылына 2 рет кешенді тексеру жүргізіледі, оған ғимарат ішіндегі және сыртындағы рәміздерді, мөрлер мен бұйрықтарды тексеру жатады, сондай-ақ жылына 1 рет қоғамдық даму басқармасы тексеру жргізеді. Бұзушылықтар белгіленген жоқ.

Б.Е. Исенгазин   

Тағы сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

Құрметті депутаттар, осы мәселе бойынша шешім қабылдауымыз керек, келесі жобаны ұсынамын:

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және    өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Федоров ауданының ішкі саясаты саласында жүргізіліп жатқан жұмыс туралы» ақпарат мәліметке алынсын.
  2. «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:

- ауданда этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға ықпал ету;

- қоғамның шоғырлануын қамтамасыз ету және ел идеологиясын ілгерілету үшін қажетті жағдайларды жасау;

- ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша жұмысты жүзеге асыру;

- азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау және оларға қолдау көрсету;

- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру;

- әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету;

- ауданда мемлекеттік рәміздердің қолданылуына бақылау жасау және әдістемелік көмекті жүзеге асыру ұсынылсын.

  1. Осы шешімді орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп 2026 жылғы 1 қаңтарға қарай ұсынылсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Шешім жобасы бойынша ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.

Шешім жобасы қолдарыңызда бар. Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Федоров ауданының ішкі саясаты саласында жүргізіліп жатқан жұмыс туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Б.Е. Исенгазин

Маған «Федоров аудандық мәслихаты төрағасының 2024 жылы жүргізілген жұмыс туралы есеп беруі туралы» екінші мәселе бойынша сөз сөйлеуге рұқсат етіңіздер (сөзі сессияның хаттамасына қоса беріледі).

/Б.Е. Исенгазиннің сөзі/

Б.Е. Исенгазин

Маған сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.

Тағы сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

Құрметті депутаттар, Федоров аудандық мәслихаты төрағасының 2024 жылы жүргізілген жұмыс туралы есебін мәліметке алуды ұсынамын.

Басқа ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бар ма? Жоқ.

Егер ескертпелеріңіз болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Федоров аудандық мәслихаты төрағасының 2024 жылы жүргізілген жұмыс туралы есеп беруі туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе – Мәслихаттың 2023 жылғы 22 қарашадағы № 82 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Сөз «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Мелания Александровна Кирилловаға беріледі (сөзі сессияның хаттамасына қоса беріледі).

/М.А. Кириллованың сөзі/

Б.Е. Исенгазин

Мелания Александровнаға сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.

Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар, дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2023 жылғы 22 қарашадағы № 82 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Б.Е. Исенгазин

Күн тәртібінің соңғы мәселесі -  Мәслихаттың 2024 жылғы 10 сәуірдегі  № 112 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 112 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Б.Е. Исенгазин

Құрметті депутаттар, күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.

Сессияны жүргізуде ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.

Өтінішпен немесе хабарламамен сөз сөйлеймін дейтін депутаттар бар ма? Жоқ.

Сессия жабық деп жарияланады.

Жұмыстарыңыз үшін рақмет.

Федоров аудандық

мәслихатының төрағасы                                           Б. Исенгазин

Дата публикации
06 марта 2025