«Мәслихаттың 2023 жылғы 22 қарашадағы № 82 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тармағына, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 750 қаулысына сәйкес әзірленді.
Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты Қазақстан республикасының заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.
Шешім жобасы 2025 жылғы 29 қаңтарда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15417207 орналастырылған, жобаны талқылау мерзімі 2025 жылғы 29.01.- 2025 жылғы 12.02.
Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.