Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясы отырысының 2025 жылғы 10 ақпандағы хаттамасы

Сессияны Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Берик Ескендирович Исенгазин ашады және жүргізеді.

 

Б.Е. Исенгазин

Қайырлы күн!

          Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының отырысы өткізілуде. Отырысқа 8 депутат қатысып отыр, кезектен тыс сессияның жұмысы үшін қажетті кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.

Сессия жұмысына Федоров ауданының әкімі Тәуба Қайыржанұлы  Исабаев қатысып отыр, сондай-ақ сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

 

Құрметті депутаттар, кезектен тыс сессияның күн тәртібін бекітуіміз қажет. Күн тәртібінің жобасы Сіздерге алдын ала берілген болатын.

Кезектен тыс сессиясының күн тәртібінде 4 мәселе:

  1. Мәслихаттың 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 158 «Федоров ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Федоров ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы.
  3. Мәслихаттың 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 111 «Федоров ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  4. Мәслихаттың 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 405 «Федоров ауданы бюджеттік комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

 

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Осы күн тәртібін кім жақтайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

 

«Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

 

Регламент бойынша: қарастырылып отырған мәселелер бойынша қажеттілігіне қарай уақыт беруді ұсынамын.

 

 «Мәслихаттың 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 158 «Федоров ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» бірінші мәселе бойынша сөз «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Светлана Франковна Завощенкоға беріледі (баяндамасы сессияның хаттамасына қоса беріледі).

                    /С.Ф. Завощенконың сөзі/

 

Б.Е. Исенгазин

Светлана Франковнаға сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.

          Сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

          Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

 

«Мәслихаттың 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 158 «Федоров ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

 

Б.Е. Исенгазин

          Светлана Франковна, сессия күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша - Федоров ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы сөз сөйлеуіңізді сұраймын (баяндамасы сессия хаттамасына қоса беріледі).

                                      /С.Ф. Завощенконың сөзі/

 

Б.Е. Исенгазин

Светлана Франковнаға сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.

Тағы сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

Осы шешім бойынша ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.

Шешім жобасы қолдарыңызда бар. Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

 

«Федоров ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне             2025 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

 

Б.Е. Исенгазин

 «Мәслихаттың 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 111 «Федоров ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» келесі мәселе бойынша, бізге мәслихат шешімін «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі міндетін атқарушының     2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 319 бұйрығына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес келтіру қажет.

 

Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар.

Жоба бойынша ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.

Егер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

 

«Мәслихаттың 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 111 «Федоров ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

 

Б.Е. Исенгазин

Күн тәртібінің соңғы мәселесі – Мәслихаттың 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 405 «Федоров ауданы бюджеттік комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Кадрлық өзгерістерге байланысты бюджеттік комиссия құрамына мынадай өзгерістер енгізу қажет:

1) Бакитжанов Болат Арманович – Федоров ауылдық округінің әкімі, Васильева Наталия Ивановна – Баннов ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы, Губайдулин Тахир Сабиржанович – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Федоров ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы, Жупар Наташа – Воронеж ауылдық округінің әкімі, Капсултанов Ермек Серикович – Қоржынкөл ауылдық округінің әкімі комиссия мүшелері болып енгізілсін;

2) К.В. Велиева, В.Г. Воробкало, Л.З. Дубко, Е.Т. Ермухамедов,           А.Т. Уристимбаев шығарылсын.

 

Жоба бойынша ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

 

«Мәслихаттың 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 405 «Федоров ауданы бюджеттік комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

 

Б.Е. Исенгазин

          Құрметті депутаттар! Кезектен тыс сессия күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.

Сессияны жүргізуде ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.

Өтінішпен немесе хабарламамен сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

Сессия жабық деп жарияланады.

Жұмыстарыңыз үшін барлықтарыңызға рақмет.

 

 

Федоров аудандық

мәслихатының төрағасы                                           Б. Исенгазин

Дата публикации
13 февраля 2025