2024 жылдың қорытындысы бойынша «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясы 7 отырыс өткізіп, 14 мәселені қарады, 53 ұсыныс берді, оның 53-і орындалды.
«АMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Федоров ауданының әкімі Т.Қ. Исабаев, аудан әкімінің орынбасарлары, Федоров ауданының мемлекеттік мекемелерінің басшылары тыңдалды.
«АMANAT» партиясы мүшелерінің қатарынан Федоров аудандық мәслихатының депутаттары 2024 жылы облыстың және ауданның түрлі ұйымдарына 6 депутаттық сауал жолдады, олар бойынша түсініктемелер берілді.
Фракция депутаттарымен 38 азаматтарды көшпелі қабылдау өткізіліп, 78 мәселе қаралды, оның 61-і оң шешіліп, 17-сі бойынша түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, партия филиалында азаматтардың 28 жеке қабылдауы өткізілді, 55 өтініш қаралды, оның 54-і оң шешім тапты және 1-і бойынша түсініктеме берілді.