Федоров ауданының Қоғамдық кеңесі өз қызметін бекітілген жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады. 2024 жылы Қоғамдық кеңестің 12 отырысы өткізілді, онда Федоров ауданының әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын орындау бойынша 31 мәселе қаралды.
Түрлі мәселелер бойынша 25 қоғамдық мониторинг жүргізілді: аудандағы жолдарды жөндеу; мектептерді, ФАП-тарды жөндеу; тұрғын үй, ФАП салу; халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша; халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған объектілерді бейімдеу бойынша және басқалар.
Қоғамдық тыңдауларда 10 мәселе қаралды: Федоров ауданының әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалу барысы туралы; 2024 жылға арналған тұрғын үй құрылысы, көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу жөніндегі бағдарламаның орындалуы туралы; Федоров ауданындағы мектептерді жөндеу жөнінде.
Мемлекеттік мекемелер басшыларының 15 есебі тыңдалды. Жыл бойы мемлекеттік мекемелердің барлық басшылары мен Федоров ауданының гендерлік қолдау орталығының төрағасы тыңдалды.
Қоғамдық кеңес 40 нормативтік құқықтық актіні қарады, 40 ұсыныс әзірленді, барлық НҚА ескертулерсіз мақұлданды.
Қоғамдық кеңеске азаматтардың 7 өтініші келіп түсті, олардың барлығы мерзімінде қаралды, қажетті түсініктемелер берілді.
Жұмыс қорытындылары, отырыстар бойынша материалдар әлеуметтік желілерде, «Федоровские новости» газетінің беттерінде және Федоров аудандық мәслихатының интернет-ресурсында тұрақты орналастырылады.
Барлық туындаған проблемалық мәселелер сол жерде шешіледі. Федоров ауданының әкімі Т.Қ. Исабаев, аудан әкімінің орынбасарлары, «AMANAT» партиясы, ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері Қоғамдық кеңеске үнемі көмек көрсетіп, өтініштер мен ұсыныстармен жүгінеді.
Федоров ауданы
Қоғамдық кеңесінің төрайымы С. Баймурзина