Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы VІІІ сессиясы отырысының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы хаттамасы

Сессияны Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Берик Ескендирович Исенгазин ашады және жүргізеді.

Б.Е. Исенгазин  

Қайырлы күн құрметті депутаттар мен шақырылғандар!

Бүгін аудандық мәслихаттың cегізінші шақырылымы сегізінші сессиясының отырысы жалғасуда.

11 депутаттан сессияға 8 қатысып отыр, қалған депутаттар дәлелді себептер бойынша қатыспады. Кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.

Сессия жұмысына Федоров ауданының әкімі Тәуба Қайыржанұлы Исабаев қатысып отыр.

Сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Қоғамдық кеңестің төрайымы шақырылды.

Құрметті депутаттар! Сессия күн тәртібінің жобасы сізге берілді.

Күн тәртібіндегі қалған мәселе: Федоров ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы.

«Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы VIII сессиясының күн тәртібі туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Мәселелерді қарауға көшпес бұрын, депутаттар сессияның барлық материалдарын алдын ала электрондық форматта алғанын және олармен егжей-тегжейлі танысу мүмкіндігіне ие болғанын атап өткен жөн.

Регламент бойынша: қарастырылып отырған мәселе бойынша қажетінше уақыт беруді ұсынамын.

Сөз «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Светлана Франковна Завощенкоға беріледі (баяндамасы сессия отырысына қоса беріледі).

/С.Ф. Завощенконың сөзі/

Б.Е. Исенгазин

Светлана Франковнаға сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.

Сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

Шешім жобасы сіздің қолдарыңызда бар. Дауыс беруіңізді сұраймын.

Иә? Қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Федоров ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Б.Е. Исенгазин

Құрметті депутаттар мен шақырылғандар VIII сессияның күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.

Сессияны жүргізуде ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.

Өтінішпен немесе хабарламамен қатысушы депутаттар бар ма? Жоқ.

Сессия аяқталды.

Баршаңызға жұмыстарыңыз үшін рақмет!

Федоров аудандық

мәслихатының төрағасы                                                           Б. Исенгазин

Дата публикации
17 января 2025