Сессияны Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Берик Ескендирович Исенгазин ашады және жүргізеді.
Б.Е. Исенгазин
Қайырлы күн құрметті депутаттар және шақырылғандар!
Бүгін аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы сегізінші сессиясының отырысы өткізілуде.
11 депутаттан сессияға 9 депутат қатысып отыр, қалған депутаттар дәлелді себептер бойынша қатыспады. Кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.
Сессия жұмысына Федоров ауданының әкімі Тәуба Қайыржанұлы Исабаев қатысып отыр.
Сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Қоғамдық кеңестің төрайымы, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Құрметті депутаттар! Сессия күн тәртібінің жобасы Сіздерге берілді.
Күн тәртібінде 5 мәселе.
Бүгінгі күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Федоров ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы.
Күн тәртібін бекітуді ұсынамын.
Басқа ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.
Басқа ұсыныстарыңыз болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.
«Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы VІІІ сессиясының күн тәртібі туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.
Б.Е. Исенгазин
Мәселелерді қарастыруға кіріспес бұрын, депутаттар сессия материалдарын электронды форматта алдын ала алғанын және олардың онымен танысуы мүмкін болғанын атап өткен жөн. Алдын ала қарауды талап ететін мәселелер тұрақты комиссияның отырысында қаралды.
Регламент бойынша: қарастырылатын мәселелер бойынша қажеттілігіне қарай уақыт бөлуді ұсынамын.
Бірінші мәселе бойынша «Федоров ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» сөз «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Светлана Франковна Завощенкоға беріледі (сөзі сессияның хаттамасына қоса беріледі).
/С.Ф. Завощенконың сөзі/
Б.Е. Исенгазин
Светлана Франковнаға сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.
Сөз аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Алексей Мерекеевич Байназаровқа беріледі (сөзі сессияның хаттамасына қоса беріледі).
/А.М. Байназаровтың сөзі/
Тағы сөз сөйлейтін деушілер бар ма? Жоқ.
Шешім жобасы Сіздердің қолдарыңызда бар. Дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.
«Федоров ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Федоров аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының 2024 жылғы жұмыс қорытындылары туралы. Сөз аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Елена Александровна Запорожануға беріледі (сөзі сессияның хаттамасына қоса беріледі).
/Е.А. Запорожануның сөзі/
Б.Е. Исенгазин
Тағы сөз сөйлейтін деушілер бар ма? Жоқ.
Осы мәселе бойынша шешім қабылдауымыз қажет, келесі жобаны ұсынамын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- өз қызметінде заңнамамен берілген өкілеттіктерді тиімді пайдалансын;
- өз жұмысына ауданның ұйымдары мен кәсіпорындарының басшыларын, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін тартсын;
- өз комиссиялары қаулыларының орындалуына бақылауды жалғастырсын.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Иә?Қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.
«Федоров аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының 2024 жылғы жұмыс қорытындылары туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.
Б.Е. Исенгазин
Келесі мәселе «Федоров аудандық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
Құрметті депутаттар, шешім жобасы сіздерге алдын ала таратылды.
Қандай ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз, қарсылықтарыңыз болады?Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын. Иә? Кім қарсы? Кім қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Федоров аудандық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.
Б.Е. Исенгазин
Келесі мәселе: «Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы VIII сессиясының жұмысындағы үзіліс туралы».
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-тармағы негізінде «Федоров ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» мәселені қарастыру үшін 2024 жылғы 27 желтоқсанға сағат 14.30-ге дейін VIII сессияның жұмысында үзіліс жариялауды ұсынамын.
Депутаттарда қарсылықтар бар ма? Жоқ.
Егер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.
Иә? Қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.
«Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы VIII сессиясының жұмысындағы үзіліс туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.
Б.Е. Исенгазин
Құрметті депутаттар мен шақырылғандар бүгінгі күнге сессияның күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.
Баршаңызға жұмыс үшін рақмет.
Федоров аудандық
мәслихатының төрағасы Б. Исенгазин