«Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша 2024 жылға арналған талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, аудандық мәслихат төрағасының 2025 жылғы 9 қаңтардағы № 10 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі негізінде 2025 жылғы 10 қаңтарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді: 

1) аппарат қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2)  ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. Аппарат қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

Мемлекеттік мекеменің қызметін реттейтін заңнаманы зерделеу қорытындысы бойынша өз қалауы бойынша шешім қабылдауға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергілер жасауға ықпал ететін ережелер анықталған жоқ (ММ ережесіне, аудандық мәслихат регламентіне, мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау әдістемесіне талдау жүргізілді, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңы зерделенді).

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

1) Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау:

Аппараттың штат саны 5 бірлікті құрайды, нақты саны 5 бірлік.

Есептік кезеңде ауысуы болған жоқ.                                                    

Біліктілікті арттырудан 3 қызметкер өтті, тағылымдамаға функционалдық бағытқа сәйкес келетін мемлекеттік органдарға 3 адам жіберілді.

Аппарат қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, тәртіптік жауапкершілік, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері жоқ.

Аппарат қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.

Аудандық мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулермен таныстырылды, олар жеке істеріне тігілді.

Аппарат қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамау фактілері анықталмаған.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің мәтіні ақпараттық стендте және Федоров аудандық мәслихатының ресми сайтында орналасқан.

Жыл сайын мемлекеттік қызметшілер кірістер туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтерді ұсынады.

Бұқаралық ақпарат құралдарына («Федоровские новости» аудандық газетіне, Федоров ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына, Facebook әлеуметтік желісіне) жүргізілген мониторинг мекеменің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдар болмағанын көрсетті.

Федоров аудандық мәслихатының аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар анықталмаған.

Осы бағытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

2) Мүдделер қақтығысын реттеу:

Аудандық мәслихат аппараттында туыстық байланысы бар мемлекеттік қызметшілер жұмыс істемейді, тиісінше сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін емес.                                     

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету:

«Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.

4) Рұқсат беру функцияларын іске асыру:

«Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.

5) Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру:

«Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ бақылау-тексеру функциялары жоқ.

6) Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу:

2024 жылдың нәтижелері бойынша бюджет қаражатын игеру 100% құрайды.

2024 жылға арналған бюджет қаражаты бір бағдарлама бойынша бөлінді.       

«Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ-нің 2024 жылға арналған бюджеттік бағдарламалары «Ашық бюджеттер» порталында уақтылы орналастырылды.

«Ашық бюджеттер» порталында «2025-2027 жылдарға арналған Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ-нің бюджеттік бағдарламаның жобасы орнастырылған. Бюджеттік бағдарламаның жобасы бойынша ескертпелер мен ұсыныстар жоқ.

7) Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу:

 2024 жылы мемлекеттік сатып алулар Баға ұсыныстарын сұрату, негіздемелік келісімді пайдалана отырып, конкурс тәсілдерімен, өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден, шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден жүзеге асырылды. Мемлекеттік сатып алу бойынша барлығы 35 шарт жасалды.

Мемлекеттік сатып алуды тиісінше жүргізу қамтамасыз етіледі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

8) Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану:

"Федоров аудандық мәслихатының аппараты" ММ мынадай ақпараттық жүйелер пайдаланады: ЭҚАБЖ, МОИП, "Е-қызмет" АЖ, "ЕЭАД" АЖ, "e-Otinish" АЖ, "Заң"ДБ. "Ашық НҚА" және "Ашық бюджеттер" ашық үкімет порталдарында, электрондық еңбек биржасында, МО ЕПИР-де жеке кабинеттер бар.

9) Ұйымдастыру-бақылау қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:

2024 жылы 12 өтініш келіп түсті, жеке тұлғалардан 5, заңды тұлғалардан  7 өтініш. 9 өтініш жеңілдетілген әкімшілік рәсім тәртібімен қаралды, 1 өтініш бойынша жағымды әкімшілік актісі қабылданды, 2 өтініш басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілді.

Есептік кезеңде мемлекеттік органға қатысты тексеру жүргізілмеді.

Прокурорлық ден қою актілері келіп түспеді.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңын іске асыру мақсатында аудандық мәслихат төрағасының өкімімен жекелеген блоктар бойынша ақпаратты орналастыруға жауаптылар бекітілді.

Аудандық мәслихаттың барлық шешімдер жобалары ресми талқылау үшін  «Ашық НҚА» порталында жарияланды және ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өтеді.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын шешімдер жобалары кәсіпкерлер Палатасы филиалының қорытындысын алады. 

Федоров аудандық мәслихатының ресми интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» қойынды жасалды, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметін қозғайтын материалдар орналастырылған.

Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасына сәйкес «Федоров аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Аудандық мәслихат аппаратында бекітілген жоспарға сәйкес қызметкерлердің құқықтық жалпы оқыту өткізіледі.

Федоров аудандық мәслихатының азаматтарды қабылдау кестесі және «сенім телефоны» нөмірі ақпараттық стендте және Федоров аудандық мәслихатының ресми сайтында орналасқан.

«Федоров аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері айқындалмады.      

Федоров аудандық

мәслихатының аппарат басшысы                             Ж. Мурзахметова

 

КЕЛІСІЛДІ

Федоров аудандық

мәслихатының төрағасы

____________ Б. Исенгазин

«___» __________ 2025 жыл

Дата публикации
13 января 2025