|
|
Аудандық мәслихат депутаты Е.А. Запорожанудың Федоров аудандық мәслихаты сегізінші шақырылымының VІІІ сессиясында сөз сөйлеуі |
Қайырлы күн құрметті Тауба Каиржанович,
депутаттар және шақырылғандар!
Сіздерге Федоров аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының 2024 жылы атқарылған жұмыс туралы есебін ұсынуға рұқсат етіңіздер.
Аудандық мәслихатта 2023 жылғы 30 наурызда құрылған 2 комиссия өз қызметін жүзеге асырады: әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия (төрайымы Е.А. Запорожану) және бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия (төрағасы А.М. Байназаров).
Өз қызметінде тұрақты комиссиялар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады, Федоров аудандық мәслихатының регламенті мен жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс істейді.
Екі тұрақты комиссия ағымдағы жылы ауданның атқарушы органдарының уәкілетті лауазымды тұлғалары мен қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен түрлі әлеуметтік бағыттағы 25 мәселені қарастырды.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарына дайындық кезінде депутаттар Федоров ауданының бірқатар нысандарын аралады.
Мәселен, «Федоров аудандық ауруханасымен халыққа медициналық қызмет көрсетуі туралы» мәселесі бойынша отырысқа дайындық аясында ақпан айында депутаттардың жұмыс тобы күрделі жөндеуден өткен аудандық емхананың ғимаратына барды.
Депутаттар дәрігерлік кабинеттердің орналасуымен таныстырылды, жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын науқастар үшін Федоров аудандық ауруханасы сатып алған жабдықтар көрсетілді және аудан тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсарту жоспарлары туралы айтылды.
Сапар барысында депутаттар емханаға тар шеңберлі мамандар қажет екенін белгіледі.
«Пешков ауылдық округіндегі білім беру ұйымдарының жұмысы туралы» мәселесі бойынша отырысқа дайындалу мақсатында аудандық мәслихат депутаттары ағымдағы жылдың мамыр айында Пешков жалпы білім беретін мектебі мен «Аленушка» балабақшасында болды.
Мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Негізгі ғимарат бойынша монтаждау жұмыстары (шатыр, кіреберіс тобы), едендерді төсеу, қабырғаларды сылау, электр жарықтандыру, жылыту жүйесінің құрылысы жүзеге асырылды. Ғимаратта бейнебақылау камералары, дабыл түймесі, турникет, сөйлеу хабарландыруы орнатылған.
Балабақшада да ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жылу режимі сақталады.
Сапар қорытындысы бойынша депутаттар бұл нысандар заманауи және жайлы білім беру мекемелері болып табылатынын атап өтті.
«Федоров ауданында мал шаруашылығын дамыту туралы» мәселесі бойынша отырысқа дайындық аясында депутаттардың жұмыс тобы қыркүйек айында Баннов ауылдық округіне барып, Чеховка ауылындағы сүт-тауар фермасы құрылысының барысымен танысты. Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2025 жылдың желтоқсан айы. Жобаның инвесторы «Олжа Алтын-Инвест» ЖШС болып табылады. СТФ құрылысы өңдеу кәсіпорындарының толық жүктемесін қамтамасыз етуге, өнім ассортиментін кеңейтуге және 69 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, депутаттар 250 басқа арналған № 1 бұзау қорасының құрылысы жүріп жатқан «Беркут» ЖШС болды. Жоба аяқталғаннан кейін тұрақты 12 жұмыс орны құрылады.
Ағымдағы жылдың қазан айында депутаттар тобы «Федоров ауданында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау органдарының жұмысы туралы» мәселесін зерделеу жөніндегі отырысқа дайындық шеңберінде Федоров ауданының полиция бөліміне барды.
Депутаттар жедел басқару орталығының жұмысымен танысты, оларға алдын ала қамау бөлмесі, камералар мен серуендеу ауласы, азаматтарды қабылдауға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған кабинеттер орналасқан фронт-офис көрсетілді.
Сондай-ақ, жұмыс тобы Федоровка ауылындағы №1 учаскелік полиция пунктіне барды, онда 3 учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді, қызмет көрсетілетін аумаққа 7 елді мекен кіреді. Учаскелік пункттің дәлізінде қажетті ақпараттық стендтер жабдықталған, әкімшілік учаскенің сызбасы бар.
Сапар қорытындысы бойынша депутаттар полиция қызметкерлері қолайлы жағдайда жұмыс істейтінін, бұл халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды екенін атап өтті.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары көшпелі отырыстарды да өткізеді. Солай, ағымдағы жылдың тамыз айында Лесное ауылында «Қоржынкөл ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жағдайы және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы» мәселесін қарау бойынша аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы өтті.
Отырыс алдында депутаттар ауылдың әлеуметтік сала объектілеріне: Қоржынкөл жалпы білім беретін мектебіне, шағын орталыққа, фельдшерлік-акушерлік пунктке, пошта бөлімшесіне, ауылдық клубқа және кітапханаға барды.
Тұрақты комиссия округ сумен жабдықтауды қажет ететіндігін атап өтті, оны 2025 жылы өткізу жоспарланған. Депутаттар ауылды абаттандыру бойынша ұсыныстар берді.
Бұдан басқа, комиссия отырыстарында: «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына 2023 жылы көрсетілген көмек туралы», «Федоров ауданында отбасына патронаттық тәрбиелеуге берілген жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету туралы», «Воронеж ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттері туралы есеп беруі», «Федоров ауданының елді мекендерін жылумен жабдықтау және сумен қамтамасыз ету туралы», «Аудандық бюджет пен Федоров ауданы ауылдық округтері бюджеттерінің 2023 жылы атқарылуы туралы» мәселелері қаралды, 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет пен Федоров ауданы ауылдық округтері бюджеттерінің жобалары тыңдалды.
Тұрақты комиссиялардың отырыстарында қабылданған қаулылардың орындалуына тұрақты негізде бақылау жүргізіледі. Солай, «Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 12 «Первомай ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жағдайы және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы» қаулысын орындау туралы», «Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі комиссияның 2023 жылғы 5 мамырдағы № 1 «Федоров ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру туралы» қаулысын орындау туралы» мәселелері талқыланды.
Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2023 жылғы 25 тамыздағы № 9 «Федоров ауданында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру барысы туралы» қаулысын орындау аясында аудандық мәслихаттың депутаттары қазан айында Федоров ауылдық округінің Александрополь ауылындағы Дружба, Приозерное ауылындағы Тимирязев көшелеріне жүргізілген жолдарды орташа жөндеу жұмыстарын тексерді. Жол төсемін төсеу бойынша барлық жұмыстар толық көлемде аяқталды.
Тұрақты комиссиялар берген ұсынымдар орындалды, көрсетілген қаулылар бақылаудан алынды.
2024 жыл қорытындысы бойынша барлық жоспарланған мәселелер уақтылы қаралды. Тұрақты комиссиялардың өткізілген отырыстары туралы ақпараттық материалдар «Федоровские новости» аудандық газетінің беттерінде, Федоров аудандық мәслихатының интернет-ресурсында жарияланады, Facebook әлеуметтік желісінде тұрақты комиссиялар отырыстарының онлайн-трансляциялауы жүргізіледі.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз жұмысында ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті және маңызды мәселелерін үнемі қозғайды.
Назарларыңыз үшін рахмет!