Сессияны Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Берик Ескендирович Исенгазин ашады және жүргізеді.
Б.Е. Исенгазин
Қайырлы күн!
Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының отырысы өткізілуде. Отырысқа 9 депутат қатысып отыр, кейбір депутаттар бейнебайланыс арқылы қосылып отыр, кезектен тыс сессияның жұмысы үшін қажетті кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.
Сессияға аудан әкімінің орынбасары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Құрметті депутаттар, кезектен тыс сессияның күн тәртібін бекітуіміз қажет. Күн тәртібінің жобасы Сіздерге алдын ала берілген болатын.
Сессиясының күн тәртібінде мәселелер:
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Күн тәртібін кім жақтайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Регламент бойынша: қарастырылып отырған мәселелер бойынша қажеттілігіне қарай уақыт беруді ұсынамын.
Мәселені қарастыруға кірісейік.
Сөз «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Светлана Франковна Завощенкоға беріледі (баяндамасы сессияның хаттамасына қоса беріледі).
/С.Ф. Завощенконың сөзі/
Б.Е. Исенгазин
Светлана Франковнаға сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.
Сөз сөйеймін деушілер бар ма? Жоқ.
Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 92 «Федоров ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Келесі мәселе «Мәслихаттың 2024 жылғы 14 маусымдағы № 128 «Аудандық жер комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» кадрлық өзгерістерге байланысты осы комиссияның құрамына өзгеріс енгізу қажет:
«Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы – Адиль Маратович Мырзахметов жер комиссияның мүшесі болып енгізілсін;
А.Р. Уразбаев шығарылсын.
Шешім жобасы қолдарыңызда бар.
Жоба бойынша ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.
«Мәслихаттың 2024 жылғы 14 маусымдағы № 128 «Аудандық жер комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Құрметті депутаттар! Кезектен тыс сессия күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.
Сессияны жүргізуде ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.
Өтінішпен немесе хабарламамен сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.
Сессия жабық деп жарияланады.
Жұмыстарыңыз үшін барлықтарыңызға рахмет.
Федоров аудандық
мәслихатының төрағасы Б. Исенгазин