2024 жылғы 26 қарашадағы №40 қаулы

Федоров ауданында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі құқық қорғау органдарының жұмысы туралы

Федоров аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Федоров ауданы полиция бөлімінің бірінші орынбасары, полиция подполковнигі М.Б. Файзуллиннің «Федоров ауданында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі құқық қорғау органдарының жұмысы туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
  2. Федоров ауданының полиция бөліміне ұсынылсын:

- Федоров ауданында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізсін;

- жол қозғалысын және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырсын;

- учаскелік полиция инспекторларының халық алдында есептік кездесулерін өткізсін, халыққа қажетті ақпаратты жеткізу үшін жұмыста әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді қолдансын;

- кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу мақсатында жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;

- полиция бөлімін штатпен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Ауылдық округтер мен Новошумное ауылының әкімдеріне Федоров ауданының полиция бөліміне интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша ақпараттық буклеттер дайындауға жәрдем көрсету ұсынылсын.
  2. Федоров және Пешков ауылдық округтерінің әкімдеріне жол белгілерін орнату және ауыстыру жөнінде шаралар қабылдау ұсынылсын.
  3. Осы қаулыны орындау бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп 2025 жылғы 1 мамырға дейін берілсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Әлеуметтік даму және заңдылық

мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссияның төрайымы                                                     Е. Запорожану

 

Бюджет, экономика, жергілікті

мемлекеттік басқару және өзін-өзі

басқару мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссияның төрағасы                                        А. Байназаров

 

Дата публикации
03 декабря 2024