Федоров аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары бірлескен отырысының 2024 жылғы 26 қарашадағы хаттамасы

Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Елена Александровна Запорожану төрағалық етеді.

Е.А. Запорожану

Қайырлы күн құрметті отырысқа қатысушылар!

Бүгін Федоров аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізілуде.

Комиссиялар жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, ауданның мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары, Қоғамдық кеңесінің мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отыр.

Күн тәртібінде мынадай мәселелер:

  1. Федоров ауданында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету   жөніндегі құқық қорғау органдарының жұмысы туралы.
  2. Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2023 жылғы 5 мамырдағы № 1 «Федоров ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру туралы» қаулысын орындау туралы.
  3. Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2023 жылғы 25 тамыздағы № 9 «Федоров ауданында «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру барысы туралы» қаулысын орындау туралы.

Бірінші мәселе бойынша сөз Федоров ауданының полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Мади Бакитжанович  Файзуллинге  беріледі (баяндамасы комиссияның хаттамасына қоса беріледі).

/М.Б. Файзуллиннің сөзі/

 Е.А. Запорожану

Мади Бакитжановичке сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.

Сөз аудандық мәслихаттың депутаты Артем Сергеевич Резникке беріледі (баяндамасы комиссияның хаттамасына қоса беріледі).

/А.С. Резниктің сөзі/

Е.А. Запорожану

Тағы сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

Құрметті  отырысқа қатысушылар, талқыланып жатқан мәселе бойынша бізге қаулы қабылдау қажет, мынадай жобаны ұсынамын:

  1. «Федоров ауданында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі құқық қорғау органдарының жұмысы туралы» ақпарат мәліметке алынсын.
  2. Федоров ауданының полиция бөліміне ұсынылсын:

- Федоров ауданында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізсін;

- жол қозғалысын және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырсын;

- учаскелік полиция инспекторларының халық алдында есептік кездесулерін өткізсін, халыққа қажетті ақпаратты жеткізу үшін жұмыста әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді қолдансын;

- кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу мақсатында жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;

- полиция бөлімін штатпен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Ауылдық округтер мен Новошумное ауылының әкімдеріне Федоров ауданының полиция бөліміне интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша ақпараттық буклеттер дайындауға жәрдем көрсету ұсынылсын.
  2. Федоров және Пешков ауылдық округтерінің әкімдеріне жол белгілерін орнату және ауыстыру жөнінде шаралар қабылдау ұсынылсын.
  3. Осы қаулыны орындау бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп 2025 жылғы 1 мамырға дейін берілсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Құрметті депутаттар, осы қаулы бойынша ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма?  Жоқ.

Егер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.

Жақтап? Қарсы? Қалыс қалған? Бірауыздан қабылданды.

«Федоров ауданында азаматтардың қауіпсіздігін  қамтамасыз   ету   жөніндегі құқық қорғау органдарының жұмысы туралы» тұрақты комиссиялары бірлескен отырысының қаулысы комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.

Е.А. Запорожану

Қабылданған қаулылардың орындалуын бақылау мақсатында екінші мәселені талқылауға көшеміз, сөз «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заң бөлімінің басшысы Қымбат Сәбитбекқызы Сейткерееваға беріледі (баяндамасы комиссияның хаттамасына қоса беріледі).

/Қ.С. Сейткерееваның сөзі/

Е.А. Запорожану

Қымбат Сәбитбекқызыны сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.

Сөз «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Федоров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Ольга Федоровна Федороваға беріледі (баяндамасы комиссияның хаттамасына қоса беріледі).

/О.Ф. Федорованың сөзі/

 Е.А. Запорожану

Ольга Федоровнаға сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.

«Федоров ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру туралы» тұрақты комиссияның қаулысында 3 тармақ қарастырылған, екі тармақтың орындалуы туралы баяндамашылар айтып берді, үшінші тармақ бойынша орындаушылардан жауаптар алдық.

Осылайша, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен ауылдық округтердің әкімдері өз қызметінде заңдылық пен іскерлік әдеп нормаларын сақтау бойынша жұмыс жүргізеді; бюджет қаражатын жұмсаудың және мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығы қамтамасыз етіледі; құқықтық білім беру мектебін өткізу, ақпараттық стендтер, баннерлер орналастыру, азаматтар жиындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы мәселелерді қосу арқылы мемлекеттік қызметшілер мен халықтың білімін арттыру бойынша шаралар қабылданады.

Осы мәселені талқылау қорытындысы бойынша әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы уәкілетті органдар аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының 2023 жылғы 5 мамырдағы № 1 «Федоров ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру туралы» қаулысын орындау бойынша мақсатты жұмыс жүргізгенін атап өтті.

Құрметті депутаттар, әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2023 жылғы 5 мамырдағы № 1 «Федоров ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру туралы» қаулысын бақылаудан алуды ұсынамын.

Талқыланған мәселе бойынша біз қаулы қабылдауымыз керек, келесі жобаны ұсынамын:

  1. «Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2023 жылғы 5 мамырдағы № 1 «Федоров ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
  2. Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2023 жылғы 5 мамырдағы № 1 «Федоров ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру туралы» қаулысы бақылаудан алынсын.

 Осы қаулы бойынша сұрақтарыңыз, ескертпелеріңіз, бар ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Жақтап? Қарсы? Қалыс қалған? Бірауыздан қабылданды.

«Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері  жөніндегі тұрақты комиссияның 2023 жылғы 5 мамырдағы № 1 «Федоров ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру туралы» қаулысын орындау туралы» тұрақты комиссиялары бірлескен отырысының қаулысы комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.

Е.А. Запорожану

«Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2023 жылғы 25 тамыздағы № 9 «Федоров ауданында «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру барысы туралы» қаулысын орындау туралы» мәселе бойынша сөз Федоров ауданы әкімінің орынбасары Карина Кайратовна Муратоваға беріледі (баяндамасы комиссияның хаттамасына қоса беріледі).

/К.К. Муратованың сөзі/

Е.А. Запорожану

Карина Кайратовнаға сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.

Тағы сөз сөйлеймін деушілер бар ма?

А.М. Байназаров

Тұрақты комиссия қаулысының орындалуын бақылау мақсатында аудандық мәслихат депутаттарының жұмыс тобы Федоров ауылдық округінің Приозерное ауылындағы Тимирязев (2,11 км.), Александрополь ауылындағы Дружба (1,13 км.) көшелерінің жолдарына орташа жөндеу жүргізілгенін тексерді. Жол төсемін төсеу бойынша барлық жоспарланған жұмыстар уақтылы және толық көлемде аяқталды. Ауыл тұрғындарынан аталған жол учаскелерінде атқарылған жұмыстар туралы оң пікірлер естілді.

«Ауыл-ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасын тиімді іске асыру ауылдық аумақтарды дамытудың және оларды аудан халқының өмір сүру сапасын жақсарту үшін инфрақұрылыммен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап көрсетеді.

Құрметті депутаттар, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 9 қаулысын бақылаудан алуды ұсынамын.

Е.А. Запорожану

Рахмет Алексей Мерекеевич.

Талқыланған мәселе бойынша біз қаулы қабылдауымыз керек, келесі жобаны ұсынамын:

  1. «Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2023 жылғы 25 тамыздағы № 9 «Федоров ауданында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы щеңберінде жобаларды іске асыру барысы туралы» ақпарат мәліметке алынсын.
  2. Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2023 жылғы 25 тамыздағы № 9 «Федоров ауданында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы щеңберінде жобаларды іске асыру барысы туралы» қаулысы бақылаудан алынсын.

Осы қаулы бойынша сұрақтарыңыз, ескертпелеріңіз, бар ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Жақтап? Қарсы? Қалыс қалған? Бірауыздан қабылданды.

«Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2023 жылғы 25 тамыздағы № 9 «Федоров ауданында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы щеңберінде жобаларды іске асыру барысы туралы» тұрақты комиссиялары бірлескен отырысының қаулысы комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.

Е.А. Запорожану

Осымен комиссиялар өз жұмыстарын аяқтайды.

Назарларыңызға рақмет.

Әлеуметтік даму және заңдылық

мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссияның төрайымы                                                     Е. Запорожану

 

Бюджет, экономика, жергілікті

мемлекеттік басқару және өзін-өзі

басқару мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссияның төрағасы                                        А. Байназаров

 

 

Дата публикации
03 декабря 2024