Сессияны Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Берик Ескендирович Исенгазин ашады және жүргізеді.
Б.Е. Исенгазин
Қайырлы күн!
Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының отырысы өткізілуде. Отырысқа 8 депутат қатысып отыр, кезектен тыс сессияның жұмысы үшін қажетті кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.
Сессия жұмысына Федоров ауданының әкімі Тәуба Қайыржанұлы Исабаев қатысып отыр, сондай-ақ сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Құрметті депутаттар, кезектен тыс сессияның күн тәртібін бекітуіміз қажет. Күн тәртібінің жобасы Сіздерге алдын ала берілген болатын.
Күн тәртібінде 3 мәселе:
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Күн тәртібін кім жақтайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Регламент бойынша: қарастырылып отырған мәселелер бойынша қажеттілігіне қарай уақыт беруді ұсынамын.
«Мәслихаттың 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 88 «Федоров ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» бірінші мәселесі бойынша сөз «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Светлана Франковна Завощенкоға беріледі (баяндамасы сессияның хаттамасына қоса беріледі).
/С.Ф. Завощенконың сөзі/
Б.Е. Исенгазин
Светлана Франковнаға сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.
Тағы сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.
Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Мәслихаттың 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 88 «Федоров ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Келесі мәселе – Мәслихаттың 2024 жылғы 7 ақпандағы № 99 «Федоров ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы.
Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар.
Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Мәслихаттың 2024 жылғы 7 ақпандағы № 99 «Федоров ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Б.Е. Исенгазин
Күн тәртібінің үшінші мәселесі – Федоров ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Федоров ауданы әкімдігінің дербес құрамын мынадай құрамда келісу жөнінде ұсыныс түсті:
|
Исабаев Тауба Каиржанович |
- Федоров ауданының әкімі. |
|
Әкімдік мүшелері: |
|
|
Капсултанов Джанибек Серикович |
- Федоров ауданы әкімінің орынбасары; |
|
Муратова Карина Кайратовна |
- Федоров ауданы әкімінің орынбасары; |
|
Валеев Рамиль Гадельзянович |
- Федоров ауданы әкімінің орынбасары; |
|
Мырзахметова Альмира Сабитовна
|
- Федоров ауданы әкімі аппаратының басшысы; |
|
Завощенко Светлана Франковна |
- «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы; |
|
Шматко Антон Игоревич |
- «Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы. |
Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар.
Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Федоров ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Б.Е. Исенгазин
Құрметті депутаттар! Кезектен тыс сессия күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.
Сессияны жүргізуде ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.
Өтінішпен немесе хабарламамен сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.
Сессия жабық деп жарияланады.
Жұмыстарыңыз үшін барлықтарыңызға рақмет.
Федоров аудандық
мәслихатының төрағасы Б. Исенгазин