Федоров аудандық мәслихатының «Мәслихаттың 2023 жылғы 22 қарашадағы № 82 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасына баспасөз-релизі

Федоров аудандық мәслихатының «Мәслихаттың 2023 жылғы 22 қарашадағы № 82 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»  шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне,  Қазақстан Республикасындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тармағына, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 750 қаулысына сәйкес әзірленді.

Шешім жобасы 2024 жылғы 8 қазанда «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған, жобаны талқылау мерзімі 2024 ж. 08.10. - 2024 ж. 22.10.

Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

 

Дата публикации
12 ноября 2024