Федоров аудандық мәслихатының «Мәслихаттың 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 111 «Федоров ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасы «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 319 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін беру қағидаларына 2-қосымшасына сәйкес әзірленді, онда «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өзгерді. Бұрын мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 8 (сегіз) жұмыс күн құрды, енгізілген өзгерістерге сәйкес 6 (алты) жұмыс күн болды.
Шешім жобасы 2024 жылғы 7 қазанда «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15225055, жобаны талқылау мерзімі 2024 ж. 07.10. - 2024 ж. 21.10.
Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.