Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясы отырысының 2024 жылғы 1 қазандағы хаттамасы

Сессияны Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Берик Ескендирович Исенгазин ашады және жүргізеді.

Б.Е. Исенгазин

Қайырлы күн!

Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының отырысы өткізілуде. Отырысқа 8 депутат қатысып отыр, кезектен тыс сессияның жұмысы үшін қажетті кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.

Сессия жұмысына Федоров ауданының әкімі Тәуба Қайыржанұлы  Исабаев қатысып отыр, сондай-ақ сессияға аудан әкімінің орынбасары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Құрметті депутаттар, кезектен тыс сессияның күн тәртібін бекітуіміз қажет. Күн тәртібінің жобасы Сіздерге алдын ала берілген болатын.

Күн тәртібінде 4 мәселе:

  1. «Мәслихаттың 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 88 «Федоров ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
  2. Мәслихаттың 2013 жылғы 2 қыркүйектегі № 152 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  3. Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 186 «Федоров аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 «Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Күн тәртібін кім жақтайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Регламент бойынша: қарастырылып отырған мәселелер бойынша қажеттілігіне қарай уақыт беруді ұсынамын.

Бірінші мәселе «Мәслихаттың 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 88 «Федоров ауданыың 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» бойынша сөз «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Светлана Франковна Завощенкоға беріледі (баяндамасы сессияның хаттамасына қоса беріледі).

/С.Ф. Завощенконың сөзі/

Б.Е. Исенгазин

Светлана Франковнаға сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.

Сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 88 «Федоров ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Келесі мәселе «Мәслихаттың 2013 жылғы 2 қыркүйектегі № 152 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».

Құрметті депутаттар, шешім жобасы сіздердің қолдарыңызда бар.

Жоба бойынша ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2013 жылғы 2 қыркүйектегі № 152 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе «Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 186 «Федоров аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес, шығып қалған орнына округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлауымыз қажет:

№ 1 округтік сайлау комиссиясы бойынша

Николаева Екатерина Николаевна

№ 11 округтік сайлау комиссиясы бойынша

Шматко Антон Игоревич.

Құрметті депутаттар, жоба бойынша ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 186 «Федоров аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе «Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 «Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес, шығып қалған орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлауымыз қажет:

№ 794 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Абилов Алексей Сергеевич.

№ 799 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Дубко Луиза Зарифовна.

№ 816 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Сибекина Таисия Александровна.

№ 844 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Адамская Наталья Федоровна.

Құрметті депутаттар, шешім жобасы сіздердің қолдарыңызда бар.

Жоба бойынша ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 «Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Құрметті депутаттар! Кезектен тыс сессия күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.

Сессияны жүргізуде ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.

Өтінішпен немесе хабарламамен сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

Сессия жабық деп жарияланады.

Жұмыстарыңыз үшін барлықтарыңызға рахмет.

Федоров аудандық

мәслихатының төрағасы                                                     Б. Исенгазин

Дата публикации
14 октября 2024