Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы – Алексей Мерекеевич Байназаров төрағалық етеді.
А.М. Байназаров
Қайырлы күн құрметті депутаттар мен шақырылғандар!
Бүгін бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өткізілуде.
Отырысқа мемлекеттік мекемелердің басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отыр.
Күн тәртібіндегі мәселе Федоров ауданында мал шаруашылығын дамыту туралы.
Сөз «Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Адиль Маратович Мырзахметовке беріледі (сөзі комиссияның хаттамасына қоса беріледі).
/А.М. Мырзахметовтың сөзі/
А.М. Байназаров
Адиль Маратовичке сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.
Осы мәселе бойынша тағы сөз сөйлейтін деушілер бар ма? Жоқ.
Сөз Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Федоров ауданының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның басшысы Нурлан Кадырович Кыстаубаевқа беріледі (сөзі комиссияның хаттамасына қоса беріледі).
/Н.К. Кыстаубаевтың сөзі/
А.М. Байназаров
Нурлан Кадыровичке сұрақтарыңыз болады ма?
Нурлан Кадырович, баяндама тыңдалды, біз құрғақ сандарды естиміз, олар қиын қабылданады, мұндай өтініш болады, болашақта баяндаманы дайындау кезінде сандарды пайызбен көрсету қажет болады.
Н.К. Кыстаубаев
Біз барлық жұмыстарды жоспарға сәйкес орындаймыз және ақпаратты сандармен береміз, сондықтан пайыздар жоқ.
А.М. Байназаров
Тағы сөз сөйлейтіндер бар ма? Жоқ.
Мен ақпаратты толықтырғым келеді, кеше комиссия отырысына дайындық аясында депутаттардың жұмыс тобы Баннов ауылдық округінің Чеховка ауылындағы сүт-тауар фермасының құрылыс нысанына барды. Жобаның инвесторы "Олжа-Алтын-Инвест" ЖШС болып табылады. Бүгінгі таңда толық трансформаторлық қосалқы станция орнатылды, тереңдігі 65 п.м. және 85 п. м. 2 су алу ұңғымаларын бұрғылау жұмыстары аяқталды, барлық металл конструкциялары әкелінді, материалдар үшін қоймалар мен цех құрылды. Бетон зауыты құрастырылып, іске қосылды. №1 сиыр қорасы мен сауу модульдік қондырғысы үшін, сондай-ақ лагундар мен сүрлем шұңқырлары үшін құнарлы өсімдік қабатын алып тастау аяқталды. Жұмыс өндірушілерге арналған контейнер/штаб, жұмысшыларға арналған асхана орнатылған. Металл конструкцияларын монтаждауға дайындық жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар сэндвич-панельдер әкелінеді.
Екінші нысан «Беркут" ЖШС болды. «Беркут" ЖШС мал шаруашылығы кешенінде ІҚМ саны 1358 басты құрайды (оның ішінде 776 аналық бас). Чехиядан 320 бас сементаль тұқымы әкелінді. ЖШС-де 250 басқа арналған № 1 бұзау қорасының құрылысы жүріп жатыр. Жоба аяқталғаннан кейін тұрақты негізде 12 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бүгінгі күні қораға іргетас құйылып, бөлме жақтауының металл конструкциялары орнатылады. Құрылысты ағымдағы жылдың қазан айында аяқтау жоспарлануда.
Бұл нысандардың құрылысы ауылшаруашылық кәсіпорындарының өсуіне пайдалы әсер етеді және Федоров ауданының мал шаруашылығының дамуына жаңа серпін береді.
Құрметті отырысқа қатысушылар, талқыға салынған мәселе бойынша қаулы қабылдауымыз қажет, келесі жобаны ұсынамын:
Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- мал шаруашылығы саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының жоспарлы көрсеткіштерін орындау бойынша жұмыс жүргізсін;
- асыл тұқымдық базаны одан әрі дамыту және малдың генетикалық әлеуетін арттыру, оның ішінде одан әрі көбею үшін асыл тұқымды малдарды импорттау есебінен арттыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
- ет және сүт мал шаруашылығын дамыту мақсатында бордақылау алаңдары мен сүт-тауар фермаларын ұлғайту бойынша жұмыс істеп тұрған шаруашылық субъектілерімен тұрақты негізде жұмыс жүргізсін;
- ауыл шаруашылығы жануарларының санын одан әрі ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастырсын;
- халықты мал жаю үшін жайылымдармен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстасын;
- мал шаруашылығын дамыту және өнімді қайта өңдеу саласында инвестициялық жобаларды тарту жөніндегі жұмысты жалғастырсын;
- «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарларын дұрыс есепке алуды жүзеге асырсын;
- ауыл шаруашылығы жануарлары мен құс басының ауруға шалдығуына жол бермеу бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізсін.
Осы қаулы бойынша сұрақтарыңыз, ескерпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Жақтап? Қарсы? Қалыс қалған? Бірауыздан қабылданды.
«Федоров ауданында мал шаруашылығын дамыту туралы» қаулы қомиссияның отырыс хаттамасына қоса беріледі.
Құрметті депутаттар осымен комиссия өз жұмысын аяқтайды.
Назарларыңызға рахмет.
Бюджет, экономика, жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссияның төрағасы А. Байназаров