Федоров ауданында
мал шаруашылығын дамыту туралы
Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- мал шаруашылығы саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының жоспарлы көрсеткіштерін орындау бойынша жұмыс жүргізсін;
- асыл тұқымдық базаны одан әрі дамыту және малдың генетикалық әлеуетін арттыру, оның ішінде одан әрі көбею үшін асыл тұқымды малдарды импорттау есебінен арттыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
- ет және сүт мал шаруашылығын дамыту мақсатында бордақылау алаңдары мен сүт-тауар фермаларын ұлғайту бойынша жұмыс істеп тұрған шаруашылық субъектілерімен тұрақты негізде жұмыс жүргізсін;
- ауыл шаруашылығы жануарларының санын одан әрі ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастырсын;
- халықты мал жаю үшін жайылымдармен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстасын;
- мал шаруашылығын дамыту және өнімді қайта өңдеу саласында инвестициялық жобаларды тарту жөніндегі жұмысты жалғастырсын;
- «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарларын дұрыс есепке алуды жүзеге асырсын;
-ауыл шаруашылығы жануарлары мен құс басының ауруға шалдығуына жол бермеу бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізсін.
Бюджет, экономика, жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссияның төрағасы А. Байназаров