Федоров ауданы Қоғамдық кеңесі отырысының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі хаттамасы

Төрағалық еткен: С.А. Баймурзина – ҚК төрайымы

Қатысқандар: Н.А. Аслиева, Б.А. Бакитжанов, А.А. Ворожеев, Е.А. Запорожану, Б.А. Сапарова, Б.А.Умертаев, И.О. Шматко

Шақырылғандар:

Алия Ертаевна Минкина– ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы

Гульшат Бекболатовна Умертаева– «Федоров ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау қызметінің басшысы

Виктор Сергеевич Бочкарев– «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы

Снежанна Нуржановна Телятникова– «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бас маманы

Дина Павловна Тулеутаева– Федоров аудандық ауруханасының дәрігері

Күн тәртібі:

  1. 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Федоров ауданында мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған шаралар туралы.

(ақпарат. А.Е. Минкина)

  1. Мүгедектігі бар адамдардың дәрілік препараттармен, компенсаторлық және өзге де құралдармен қамтамасыз ету бөлігінде құқықтарын сақтау туралы.

(ақпарат. Д.П. Тулеутаева, С.Н. Телятникова)

  1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Заңының сақталу мониторингінің қорытындылары туралы.

(ақпарат. В.С. Бочкарев)

  1. Федоров ауданында «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық жобасын орындау бойынша мониторинг қорытындысы.

(ақпарат. В.С. Бочкарев)

  1. Мобильділігі төмен топтар үшін мекемелерді, әлеуметтік объектілерді бейімдеу жөніндегі бағдарламаның орындалу барысы туралы.

(ақпарат. С.Н. Телятникова)

  1. Федоров ауданының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысының 2025 жылға жоспарланған тақырыптары туралы.

(ақпарат. В.С. Бочкарев)

Тыңдалды: А.Е. Минкина – Федоров ауданында мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған шаралар туралы (ақпарат қоса беріледі).

Сөз сөйлегендер: Г.Б. Умертаева, С.А. Баймурзина.

Шешім қабылданды:

  1. А.Е. Минкинаның ақпараты мәліметке және орындауға алынсын.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік органдарда клиентке бағдарлануды дамыту, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша Департаментті хабардар ете отырып, бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі шаралар қабылдау жөніндегі жұмыс жалғастырылсын.
  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына тұрақты негізде тиісті бақылау қамтамасыз етілсін.
  4. Департаменттің «Үйде қызмет көрсету», «Тікелей эфирлер», «Қалалар, аудандар әкімдіктерінің тілдерді оқыту орталықтары базасында халықты цифрлық сауаттылыққа оқыту» жобаларын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жандандырылсын.

Тыңдалды: С.Н. Телятникова, Д.П. Тулеутаева – Мүгедектігі бар адамдардың дәрілік препараттармен, компенсаторлық және өзге де құралдармен қамтамасыз ету бөлігінде құқықтарын сақтау туралы (ақпарат қоса беріледі).

Сөз сөйлегендер: Б.А. Бакитжанов, Б.А. Сапарова

Шешім қабылданды:

  1. Ақпараты мәліметке алынсын.
  2. Федоров РБ мүгедектерді заңнамада көзделген тегін дәрі-дәрмектермен уақтылы қамтамасыз етуді, санаторий-курорттық емдеуге жіберу ұсынылсын.
  3. «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифлотехникалық құралдармен, жеке көмекшінің қызметтерімен және ымдау тілі мамандарымен қамтамасыз етсін.

Тыңдалды: В.С. Бочкарев – «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Заңының сақталу мониторингінің қорытындылары туралы (ақпарат қоса беріледі).

Сөз сөйлегендер: Е.А. Запорожану, С.А. Баймурзина

Шешім қабылданды:

  1. В.С. Бочкаревтің ақпараты мәліметке алынсын.
  2. Бұзушылықтарды болдырмау мақсатында Қоғамдық кеңес, «AMANAT» партиясының мүшелерімен бірлесіп тұрақты мониторинг жүргізілсін.

Тыңдалды: В.С. Бочкарев – Федоров ауданында «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық жобасын орындау бойынша мониторинг қорытындысы (ақпарат қоса беріледі).

Сөз сөйлегендер: Б.А. Бакитжанов, А.А. Ворожеев

Аталған жобаны орындау бойынша ауданда жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқаны атап өтіліп, «Үздік аула», «Үздік кәсіпорын, ұйым» байқауларының алғашқы қорытындылары шығарылды.

Тыңдалды: С.Н. Телятникова – Мобильділігі төмен топтар үшін мекемелерді, әлеуметтік объектілерді бейімдеу жөніндегі бағдарламаның орындалу барысы туралы (ақпарат қоса беріледі).

Сөз сөйлегендер: Б.А. Умертаев, С.А. Баймурзина, И.О. Шматко.

Шешім қабылданды:

  1. С.Н. Телятникованың ақпараты мәліметке алынсын.
  2. Қоғамдық кеңес мүшесі Б.А. Умертаевқа «Қазақтелеком» бас кәсіпорнының атына бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстарды орындамау туралы хат дайындау тапсырылсын.
  3. Объектілерді бейімдеу бағдарламасын орындау бақылауға алынсын.

Тыңдалды: В.С. Бочкарев – Федоров ауданының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысының 2025 жылға жоспарланған тақырыптары туралы (ақпарат қоса беріледі).

Шешім қабылданды:

  1. В.С. Бочкаревтің ақпараты мәліметке алынсын.
  2. Қоғамдық кеңес мүшелеріне халықтың нысаналы топтарының назарына мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптарын жеткізу ұсынылсын.

Отырыс соңында Б.А. Умертаев Қоғамдық кеңес мүшелерін және шақырылғандарды Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының негізгі бөлімдерімен таныстырды, қатысушылар пікірлерімен бөлісті және Жолдауды халықтың назарына жеткізуді шешті.

Федоров ауданы

Қоғамдық кеңесінің төрайымы                                                С. Баймурзина

 

Дата публикации
17 сентября 2024