Қоржынкөл ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жағдайы және
оны одан әрі дамыту перспективалары туралы
Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- ауылдық округтің салығын жинау толықтығын, бюджеттің сапалы атқарылуын және жоспарлануын қамтамасыз ету;
- округ тұрғындарын мал шаруашылығын дамытуға, шағын бизнесті қолдауға, нәтижелі жұмыспен қамтуға, округке инвестициялық жобаларды тартуға және т.б. бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға тарту жұмысын жүргізу;
- азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуын қолдау, жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірлесіп, округте туындайтын мәселелерді тұрақты бақылауда ұстау және шешу жолдарын табу;
- округтің елді мекендерін абаттандыру жұмысын жалғастыру ұсынылсын.
Әлеуметтік даму және заңдылық
мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссияның төрайымы Е. Запорожану