Аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысының 2024 жылғы 15 тамыздағы хаттамасы

Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Елена Александровна Запорожану төрағалық етеді.  

Е.А. Запорожану

Қайырлы күн құрметті отырысқа қатысушылар!

Бүгін әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өткізілуде.

Комиссия жұмысына Федоров аудандық мәслихатының депутаттары, ауданның мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының басшылары, жергілікті қоғамдастық мүшелері, ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қоржынкөл ауылдық округі әлеуметтік саласының өкілдері қатысып отыр.

Күн тәртібіндегі мәселе: Қоржынкөл ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жағдайы және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы.

Сөз Қоржынкөл ауылдық округінің әкімі Ермек Серикович Капсултановқа беріледі (сөзі отырыс хаттамасына қоса беріледі).

/Е.С. Капсултановтың сөзі/

 Е.А. Запорожану

Ермек Сериковичке сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.

Сөз аудандық мәслихаттың депутаты Артем Сергеевич Резникке беріледі (сөзі отырыс хаттамасына қоса беріледі).

/А.С. Резниктің сөзі/

Е.А. Запорожану

Тағы сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

Құрметті комиссия отырысына қатысушылар, талқыланып жатқан мәселе бойынша қаулы қабылдауымыз қажет, келесі жобаны ұсынамын:

  1. Қоржынкөл ауылдық округінің әкімі Е.С. Капсултановтың «Қоржынкөл ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жағдайы және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
  2. Қоржынкөл ауылдық округінің әкіміне:

- ауылдық округтің салығын жинау толықтығын, бюджеттің сапалы атқарылуын және жоспарлануын қамтамасыз ету;

- округ тұрғындарын мал шаруашылығын дамытуға, шағын бизнесті қолдауға, нәтижелі жұмыспен қамтуға, округке инвестициялық жобаларды тартуға және т.б. бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға тарту  жұмысын жүргізу;

- азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуын қолдау, жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірлесіп, округте туындайтын мәселелерді тұрақты бақылауда ұстау және шешу жолдарын табу;

- округтің елді мекендерін абаттандыру жұмысын жалғастыру ұсынылсын.

  1. «Федоров ауданының білім бөлімі» ММ Қоржынкөл ЖБМ ғимаратын мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктеріне бейімдеуді жүргізу ұсынылсын.
  2. Федоров аудандық ауруханасына Қоржынкөл ФАП-ының қоршауына жөндеу жүргізу және іргелес жатқан аумағын абаттандыру ұсынылсын.
  3. Осы қаулыны орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп 2025 жылғы 1 маусымға қарай ұсынылсын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Құрметті депутаттар, осы қаулы бойынша ескерпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.

Егер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.

Жақтап? Қарсы? Қалыс қалған? Бірауыздан қабылданды.

«Қоржынкөл ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жағдайы және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы» қаулы отырыс хаттамасына қоса беріледі.

Осымен комиссия өз жұмысын аяқтайды.

Назарларыңызға рақмет. 

Әлеуметтік даму және заңдылық

мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссияның төрайымы                                                          Е. Запорожану

Дата публикации
22 августа 2024