Сессияны Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Берик Ескендирович Исенгазин ашады және жүргізеді.
Б.Е. Исенгазин
Қайырлы күн құрметті депутаттар және шақырылғандар!
Бүгін аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы жетінші сессиясының отырысы өткізілуде. Сессия Федоров аудандық мәслихатының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес шақырылды.
Сессияға 8 депутат қатысып отыр, қажетті кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.
Сессия жұмысына Федоров ауданының әкімі Тауба Каиржанович Исабаев қатысып отыр. Сондай-ақ сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, Қоғамдық кеңестің мүшелері, ауданның мемлекеттік ұйымдарының басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Құрметті депутаттар, бізге VІІ сессияның күн тәртібін бекіту қажет. Сессия күн тәртібінің жобасы Сіздерге таратылды.
Күн тәртібіндегі мынадай мәселелер:
Күн тәртібін бекітуді ұсынамын. Басқа ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.
Егер басқа ұсыныстар болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.
«Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы VІІ сессиясының күн тәртібі туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Мәселелерді қарауға көшпес бұрын депутаттар сессияның барлық материалдарын алдын ала электрондық форматта алғанын және олармен егжей-тегжейлі танысуға мүмкіндік алғанын атап өткім келеді.
Регламент бойынша: мәселелерді қарауға қажеттілік бойынша уақыт бөлуді ұсынамын.
Бірінші мәселе бойынша сөз Федоров ауданының әкімі Тауба Каиржанович Исабаевқа беріледі (сөзі қоса беріледі).
/Т.К. Исабаевтың сөзі/
Б.Е. Исенгазин
Тауба Каиржановичке сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.
Т.К. Исабаев
Келесі аптада «Олжа Алтын Инвест» ЖШС сүт-тауар фермасының құрылысын бастайтынын айтқым келеді. Қажетті телекоммуникациялар, ұңғыма бар, жақын арада ауданда жаңа сүт-тауар фермасы жұмыс істейтін болады.
Б.Е. Исенгазин
Сөз аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Алексей Мерекеевич Байназаровқа беріледі (сөзі қоса беріледі).
/А.М. Байназаровтың сөзі/
Б.Е. Исенгазин
Тағы сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.
Құрметті депутаттар! Бізге осы есеп бойынша шешім қабылдау керек. Мынадай шешім жобасын ұсынамын:
Федоров ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есеп беруін тыңдап шығып, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- жыл қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық көрсеткіштерінің оң серпінін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүргізу;
- жыл қорытындысы бойынша бюджеттік қаражаттарды уақтылы, тиімді пайдалану жөніндегі шараларды қабылдау;
- жыл қорытындысы бойынша бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
- жыл қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестицияларды тарту жөніндегі НКИ 100%-дан кем емес орындалуын қамтамасыз ету;
- өндірістік және әлеуметтік кешендерді 2024-2025 жылдардың күз-қыс маусымында жұмысқа дайындау жөніндегі шараларды қабылдау;
- бизнес субъектілерінің барлық бағыттары бойынша, сондай-ақ бастап отырған кәсіпкерлерді шағын кредиттеу жөніндегі жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастыру, кредиттік қаражаттарды пайдалану және уақтылы қайтару мәселесі бойынша нысаналы топтармен жұмыс жүргізу ұсынылсын.
- мемлекеттік сатып алу, шарттар жасасу және оларды қазынашылық органдарында тіркеу рәсімдерін уақтылы өткізу ұсынылсын. Сондай-ақ өнім берушілер мен мердігерлердің шарттық міндеттемелерді орындауын бақылауда ұстау;
- елді мекендерді санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылсын.
- ауданның өнеркәсіптік кәсіпорындарының өнім шығаруын ерекше бақылауға алу және 2024 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің НКИ 101% деңгейден төмен емес болуын қамтамасыз ету;
- азық дайындаудың белгіленген көлемдерінің орындалуын қамтамасыз ету;
- ағымдағы жылдың егін жинау жұмыстарының жинақы және сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
- құрылыс-монтаж жұмыстарының НКИ 100,1%-дан кем емес қамтамасыз ету;
- 2024 жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үйді 2023 жылдың деңгейінен төмен емес пайдалануға берілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Құрметті депутаттар, осы жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма? Жоқ.
Егер ескертпелер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.
«Федоров ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есеп беруі туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Б.Е. Исенгазин
Келесі мәселе – Федоров ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін болу құнынан 0 пайыз мөлшерінде бекіту қажет.
Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар.
Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.
«Федоров ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Б.Е. Исенгазин
Күн тәртібінің үшінші мәселесі – Мәслихаттың 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 464 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес бізге осы шешімге өзгерістер енгізу керек.
Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар.
Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма? Жоқ.
Егер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.
«Мәслихаттың 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 464 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Б.Е. Исенгазин
Келесі мәселе – Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 186 «Федоров аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес шығып қалғандардың орнына округтік сайлау комиссияларының мүшелері болып сайлансын:
№ 5 округтік сайлау комиссиясы бойынша
Кузьминых Вера Федоровна.
№ 9 округтік сайлау комиссиясы бойынша
Зауер Полина Васильевна.
Жоба бойынша ескертпелеріңіз және ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.
Егер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.
«Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 186 «Федоров аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Соңғы мәселе – Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 «Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес бізге шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының жаңа мүшелері сайлау қажет.
Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар.
Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.
«Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 «Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Құрметті депутаттар, күн тәртібіндегі мәселе қаралды.
Сессияны жүргізуде ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.
Өтінішпен немесе хабарламамен сөз сөйлеймін деуші депутаттар бар ма? Жоқ.
Сессия жабық деп жарияланады.
Назарларыңыз үшін рақмет.
Федоров аудандық
мәслихатының төрағасы Б. Исенгазин