Төрағалық еткен: С.А. Баймурзина – ҚК төрайымы
Қатысқандар: Аслиева Н.А., Бакитжанов Б.А., Ворожеев А.А., Ильясова Ж.Б., Сапарова Б.А., Умертаев Б.А., Шматко И.О.
Шақырылғандар: Бекмухамбетова И.А. – «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы, Першуков А.С. – «Федоровские новости» ЖШС директоры, Куантаев А.Д. – «Федоров ауданының Мансап орталығы» КММ директоры
Күн тәртібі:
- «Кәсіпорынның, мекеменің іргелес аумағын үздік безендіру», «Үздік абаттандырылған ауыл», «Үлгілі жеке тұрғын үй», «Үлгілі көппәтерлі үй» атағына «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы шеңберінде Федоров ауданының аумағында конкурс өткізу туралы.
(ақп. Бекмухамбетова И.А.)
- «Федоров ауданының Мансап орталығы» КММ арқылы жұмысшы мамандықтарына курстық оқытуды ұйымдастыру.
(ақп. Куантаев А.Д.)
3 «Федоровские новости» ЖШС-де «ҚР Тіл туралы» Заңның, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның орындалу барысы туралы.
(ақп. Першуков А.С.)
Тыңдалды: И.А. Бекмухамбетова – «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы (ақпарат қоса беріледі)
Сөз сөйлегендер: Бакитжанов Б.А., Баймурзина С.А.
Шешім қабылданды:
- «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы шеңберінде Федоров ауданының аумағында «Кәсіпорынның, мекеменің іргелес аумағын үздік ресімдеу», «Үздік абаттандырылған ауыл», «Үлгілі жеке тұрғын үй», «Үлгілі көппәтерлі үй» конкурстары жариялансын;
- «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы И.А. Бекмухамбетоваға, Қоғамдық кеңеске конкурс өткізу туралы ережені әзірлеу тапсырылсын;
- Конкурс туралы ереже Федоров ауданының тұрғындарына жеткізілсін.
Тыңдалды: А.Д. Куантаев – «Федоров ауданының Мансап орталығы» КММ директоры (ақпарат қоса беріледі)
Сөз сөйлегендер: Аслиева Н.А., Ворожеев А.А., Шматко И.О.
Шешім қабылданды:
- «Федоров ауданының Мансап орталығы» КММ директоры А.Д. Куантаевтың ақпараты назарға алынсын;
- «Федоров ауданының Мансап орталығы» КММ еңбек нарығын, ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарына қандай жұмыс мамандықтары қажет екенін зерделеу, бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысу ұсынылсын.
Тыңдалды: А.С. Першуков – «Федоровские новости» ЖШС директоры (ақпарат қоса беріледі)
Шешім қабылданды:
- «Федоровские новости» ЖШС директорының ақпараты назарға алынсын.
Федоров ауданы
Қоғамдық кеңесінің төрайымы С. Баймурзина