Федоров ауданы Қоғамдық кеңесі отырысының 2024 жылғы 26 маусымдағы хаттамасы

Төрағалық еткен: С.А. Баймурзина – Қоғамдық кеңестің төрайымы

Қатысқан Қоғамдық кеңестің мүшелері: Н.А. Аслиева, Б.А. Бакитжанов,  Р.Г. Валеев, А.А. Ворожеев, Е.А. Запорожану, Б.А. Сапарова, Б.А. Умертаев, И.О. Шматко

Шақырылғандар: Т.К. Исабаев – Федоров ауданының әкімі

Г.Б. Умертаева – «Федоров ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу қызметінің басшысы

А.Е. Минкина – Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бас маманы

КҮН ТӘРТІБІ: 

  1. Федоров ауданының әкімі Т.К. Исабаевтың «Федоров ауданының 2024 жылдың І жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» есеп беруі.
  2. Қоғамдық кеңестің 2024 жылдың І жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы.
  3. Қостанай облысында мемлекеттік қызмет көрсету.

ТЫҢДАЛДЫ: Т.К. Исабаев – Федоров ауданының әкімі «Федоров ауданының   2024 жылдың І жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» (ақпараты қоса беріледі).      

СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР: Р.Г. Валеев, Б.А. Умертаев, С.А. Баймурзина

ШЕШТІ:

  1. Федоров ауданының әкімі Т.К. Исабаевтың «Федоров ауданының 2024 жылдың І жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
  2. Қоғамдық кеңестің мүшелеріне қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, ауданды дамыту бағдарламасының (мектептерді, жолдарды күрделі жөндеу, елді мекендерді жарықтандыру, су құбырын салу және т.б.) орындалуы бойынша мониторинг жүргізу ұсынылсын.
  3. Қоғамдық кеңестің ұсынымдарының орындалу барысы туралы ақпарат 2024 жылғы желтоқсандағы Қоғамдық кеңестің отырысында тыңдалсын.

ТЫҢДАЛДЫ: С.А. Баймурзина – Қоғамдық кеңестің төрайымы «Қоғамдық кеңестің 2024 жылдың 1 жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы туралы» (ақпараты қоса беріледі)

ШЕШТІ:

  1. Қоғамдық кеңестің төрайымы С.А. Баймурзинаның «Қоғамдық кеңестің 2024 жылдың 1 жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы туралы» ақпараты мәліметке алынсын.

 ТЫҢДАЛДЫ: Г.Б. Умертаева – «Федоров ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу қызметінің басшысы «Қостанай облысында мемлекеттік қызмет көрсету туралы» (ақпараты қоса беріледі)

СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР: Н.А. Аслиева, Р.Г. Валеев

ШЕШТІ:

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы БАҚ, әлеуметтік желілер бойынша кең ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілсін (тұрақты).
  2. Азаматтардың сұрақтары мен өтініштеріне жедел ден қою үшін әлеуметтік желілерде кері байланыс жүйесі енгізілсін, қалыпты проблемаларды анықтау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту үшін өтініштерге талдау жүргізілсін (тұрақты).
  3. Заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында, мемлекеттік қызметтер оларды көрсету тәртібін айқындайтын, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес көрсетілсін (тұрақты).
  4. Агенттіктің құзыреті туралы хабарлайтын баннерлер орналастырылсын (ағымдағы жылдың аяғына дейін).

Федоров ауданы

Қоғамдық кеңесінің төрайымы                                            С. Баймурзина

 

Дата публикации
05 июля 2024