Аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысының 2024 жылғы 14 маусымдағы хаттамасы

Аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Елена Александровна Запорожану тұрақты комиссияның отырысын ашады және жүргізеді.  

Е.А. Запорожану

                    Қайырлы күн құрметті депутаттар мен шақырылғандар!

Бүгін аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өткізілуде.

          Күн тәртібіндегі келесі мәселелер:

  1. Федоров ауданында отбасына патронаттық тәрбиелеуге берілген жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету туралы.
  2. Пешков ауылдық округіндегі білім беру ұйымдарының жұмысы туралы.
  3. Аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі комиссияның 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 12 «Первомай ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жағдайы және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы» қаулысын орындау туралы.

Бірінші екі мәселе бойынша сөз  Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Федоров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Динара Абдыкаримовна Бектыбаеваға беріледі (сөзі хаттамаға қоса беріледі).

/Д.А. Бектыбаеваның сөзі/

 Е.А. Запорожану

Динара Абдыкаримовнаға сұрақтарыңыз бар ма?

А.М. Байназаров

Қамқоршыларға, патронат тәрбиешілерге материалдық қолдау көрсетіле ме?

Д.А. Бектыбаева

Қамқоршылар мен ай сайын 9-10 АЕК мөлшерінде жәрдемақы алады, патронат тәрбиешілер мен асырап алушы отбасылардың 35 АЕК мөлшерінде жалақысы және 9-10 АЕК мөлшерінде жәрдемақысы болады, асырап алушылар үшін 75 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем көзделген. Жазғы демалыс кезінде баланы ақысыз негізде отбасына алуға болады.

С.А. Баймурзина

Қамқоршылардың отбасыларына қамқоршылық органдары барады ма?

Д.А. Бектыбаева

Иә, біз барып, қараймыз. Кеше біздің ауданға Астанадан келген кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және балалық шақ істері жөніндегі комиссия және облысымыздың білім басқармасы келіп, Воронеж ауылдық округінің отбасыларына барды. Комиссия мүшелері отбасылардың өмір сүру жағдайларына риза болды.

 Е.А. Запорожану

Тағы сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.

Тағы сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

«Федоров ауданында отбасына патронаттық тәрбиелеуге берілген жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету туралы» мәселе бойынша қаулы қабылдауымыз қажет, келесі жобаны ұсынамын:

  1. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Федоров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Д.А. Бектыбаеваның талқыланатын мәселе бойынша ақпараты мәліметке алынсын.
  2. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Федоров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын:

- отбасына тәрбиелеуге берілген жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік құқықтарын, кепілдіктері мен мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жалғастырсын;

- әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға, балалар мен отбасының қолайсыздығын ерте анықтауға және отбасыларға уақтылы көмек көрсетуге бағытталған іс-шараларды жүргізсін;

- қорғаншылық пен қамқоршылықтағы балаларға патронаттық тәрбиеде педагогикалық және психологиялық көмек көрсетсін;

- отбасы институтын қолдаудың отбасылық құндылықтарын арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізсін;

- жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мотивациялық және ақпараттық мақалалар жариялансын.

  1. Осы қаулыны орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп 2025 жылғы 1 қаңтарға қарай ұсынылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Осы қаулы бойынша ескерпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Жақтап? Қарсы? Қалыс қалған? Бірауыздан қабылданды.

«Федоров ауданында отбасына патронаттық тәрбиелеуге берілген жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету туралы» қаулы комиссияның хаттамасына қоса беріледі.

Е.А. Запорожану

Динара Абдыкаримовна, «Пешков ауылдық округіндегі білім беру ұйымдарының жұмысы туралы» мәселе бойынша есеп беруіңізді  сұраймын (баяндамасы хаттамаға қоса беріледі).

/Д.А. Бектыбаеваның сөзі/

Е.А. Запорожану

Динара Абдыкаримовнаға сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.

Тағы сөз сөйлеймін  деушілер бар ма?

Б.Е. Исенгазин

Мен депутаттармен бірге Пешков ауылдық округіне сапарымыз туралы айтқым келеді (сөзі хаттамаға қоса беріледі).

Е.А. Запорожану

Құрметті комиссия отырысына қатысушылар талқыға салынған мәселе бойынша қаулы қабылдауымыз қажет, келесі жобаны ұсынамын:

  1. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Федоров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Д.А. Бектыбаеваның «Пешков ауылдық округіндегі білім беру ұйымдарының жұмысы туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
  2. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Федоров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын:

- Пешков ОШ педагогикалық кадрлармен жасақтау бойынша шаралар қабылдасын (қазақ тілі, математика, тарих пәнінің мұғалімі);

- Пешков ауылдық округінің білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту;

- округтің мектептері мен мектепке дейінгі ұйымдарының педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыруды жоспарласын және ұйымдастырсын;

  1. Пешков ОМ, Кравцов ОМ және Калинов ОМ директорларына, «Айналайын» және «Аленушка» бөбекжай-балабақшаларының меңгерушілеріне ұсынылсын:

 - білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар, оның ішінде арнайы жағдайлар жасасын;

- ата-аналармен, медицина қызметкерлерімен және қызмет көрсетушілермен белсенді өзара іс-қимыл жасай отырып, ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын тұрақты негізде бақылауды жүзеге асырсын.

  1. Осы қаулыны орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп 2025 жылғы 1 қаңтарға қарай ұсынылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Осы қаулы бойынша ескерпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Жақтап? Қарсы? Қалыс қалған? Бірауыздан қабылданды.

«Пешков ауылдық округіндегі білім беру ұйымдарының жұмысы туралы» қаулы отырыс хаттамасына қоса беріледі.

Е.А. Запорожану

«Аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі комиссияның 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 12 «Первомай ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жағдайы және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы» қаулысын орындау туралы» мәселе бойынша сөз Первомай ауылдық округінің әкімі Максим Леонидович Турминге беріледі (баяндамасы хаттамаға қоса беріледі).

/М.Л. Турминнің сөзі/

Е.А. Запорожану

Максим Леонидовичке сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.

«Первомай ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жай-күйі және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы» тұрақты комиссияның қаулысында 3 тармақ қарастырылған, бірінші тармақтың орындалуы туралы Максим Леонидович айтып берді, қалған екеуі бойынша біз орындаушылардан жауап алдық.

Осылайша, 3-тармағымен Федоров аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне Первомай ауылындағы спорт кешенін күрделі жөндеу бойынша ЖСҚ әзірлеуге ақшалай қаражат бөлу туралы бюджеттік өтінім жіберу ұсынылды. Берілген жауапта БЖСМ басшысы спорт залын ағымдағы жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама дайындалғанын, бірақ дене шынықтыру және спорт басқармасына жіберілген бюджеттік өтінім мақұлданбағанын хабарлады.

Қаулының 4-тармағында Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне Первомай ауылдық клубындағы терезелерді ауыстыру, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу және жиһазды ауыстыру және ауылдық кітапханадағы жарықтандыруды ауыстыру ұсынылды.

Бөлім басшысының ақпаратында ауылдық кітапханада ағымдағы жөндеу (әктеу, сырлау) жүргізілгені, сондай-ақ жарықдиодты шамдар орнатылғаны атап өтілді. Бюджеттік өтінімге сәйкес кітапханаға жиһаз сатып алуға және ауылдық клубтағы терезелерді ауыстыруға қаражат бөлінбеді.

Осы мәселені талқылау қорытындысы бойынша тұрақты комиссия уәкілетті органдар аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының «Первомай ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жай-күйі және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы» қаулысын орындау бойынша белгілі бір жұмыс жүргізгенін атап өтеді.

Құрметті комиссия отырысына қатысушылар талқыға салынған мәселе бойынша қаулы қабылдауымыз қажет, келесі жобаны ұсынамын:

  1. Первомай ауылдық округінің әкімі М.Л. Турминнің «Аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі комиссияның 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 12 «Первомай ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жағдайы және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
  2. Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның көрсетілген қаулысы бақылаудан алынсын.

Осы қаулы бойынша ескерпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Жақтап? Қарсы? Қалыс қалған? Бірауыздан қабылданды.

«Аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі комиссияның 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 12 «Первомай ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жағдайы және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы» қаулы отырыс хаттамасына қоса беріледі.

Құрметті отырысқа қатысушылар осымен комиссия өз жұмысын аяқтайды.

Жұмыс үшін барлықтарыңызға рахмет.

Әлеуметтік даму және заңдылық

мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссияның төрайымы                                                          Е. Запорожану

Дата публикации
04 июля 2024