Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясы отырысының 2024 жылғы 14 маусымдағы хаттамасы

Сессияны Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Берик Ескендирович Исенгазин ашады және жүргізеді.

Б.Е. Исенгазин

Қайырлы күн!

Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының отырысы өткізілуде. Отырысқа 8 депутат қатысып отыр, кезектен тыс сессияның жұмысы үшін қажетті кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.

Сессия жұмысына Федоров ауданының әкімі Тәуба Қайыржанұлы  Исабаев қатысып отыр, сондай-ақ сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Құрметті депутаттар, кезектен тыс сессияның күн тәртібін бекітуіміз қажет. Күн тәртібінің жобасы Сіздерге алдын ала берілген болатын.

Күн тәртібінде 2 мәселе:

  1. «Мәслихаттың 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 88 «Федоров ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы».
  2. Аудандық жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы ережені бекіту туралы.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Күн тәртібін кім жақтайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Регламент бойынша: қарастырылып отырған мәселелер бойынша қажеттілігіне қарай уақыт беруді ұсынамын.

Бірінші мәселе «Мәслихаттың 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 88 «Федоров ауданыың 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бойынша сөз «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Светлана Франковна Завощенкоға беріледі (баяндамасы қоса беріледі).

                    /С.Ф. Завощенконың сөзі/

Б.Е. Исенгазин

Светлана Франковнаға сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.

Сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 88 «Федоров ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Келесі мәселе «Аудандық жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы ережені бекіту туралы».

Құрметті депутаттар, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 15-бабы               1-тармағының 5-3) тармақшасына сәйкес жер комиссия туралы ережені және комиссияны келесі құрамында бекітуді қажет:

Капсултанов Джанибек Серикович - Федоров ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

Шматко Антон Игоревич - «Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы комиссия төрағасының орынбасары;

Муканов Куаныш Асылбекович - «Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы.

Комиссия мүшелері:

Баймурзина Сауле Арстановна - Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің өкілі;

Бектабанова Акжан Кайратовна - «Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы;

Бублик Владимир Владимирович - «Федоров ауданының кәсіпкерлер және фермерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі;

Дильдабеков Аманжол Биримжанович - «Акулов» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры;

Ермак Наталья Васильевна - Федоров ауылдық округі бойынша жергілікті өзін-өзі басқару органының өкілі;

Исенгазин Берик Ескендирович - Федоров аудандық мәслихатының депутаты;

Костенко Лидия Николаевна - Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының Федоров ауданы филиалының директоры; 

Умертаев Батыржан Амантаевич - «AMANAT» партиясы Федоров аудандық филиалының атқарушы хатшысы; 

Уразбаев Адылбек Рахимович - «Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкелік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлік бойынша әдіскер.

Шешім жобасы сіздердің қолдарыңызда бар.

Жоба бойынша ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Аудандық жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы ережені бекіту туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Құрметті депутаттар! Кезектен тыс сессия күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.

Сессияны жүргізуде ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.

Өтінішпен немесе хабарламамен сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

Сессия жабық деп жарияланады.

Жұмыстарыңыз үшін барлықтарыңызға рахмет.

Федоров аудандық

мәслихатының төрағасы                                                     Б. Исенгазин

Дата публикации
04 июля 2024