Федоров ауданы мәслихатының «Федоров ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешім жобасына баспасөз-релизі

Федоров аудандық мәслихатының «Федоров ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға  арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы»  шешімінің жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген)  бұйрығына  сәйкес әзірленді.

Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылды https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15049181.

Дата публикации
03 июля 2024