Федоров ауданында отбасына патронаттық тәрбиелеуге берілген жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету туралы
Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- отбасына тәрбиелеуге берілген жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік құқықтарын, кепілдіктері мен мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жалғастырсын;
- әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға, балалар мен отбасының қолайсыздығын ерте анықтауға және отбасыларға уақтылы көмек көрсетуге бағытталған іс-шараларды жүргізсін;
- қорғаншылық пен қамқоршылықтағы балаларға патронаттық тәрбиеде педагогикалық және психологиялық көмек көрсетсін;
- отбасы институтын қолдаудың отбасылық құндылықтарын арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізсін;
- жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мотивациялық және ақпараттық мақалалар жариялансын.
Әлеуметтік даму және заңдылық
мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссияның төрайымы Е. Запорожану