Федоров ауданы Коғамдық кеңесінің отырыс 2024 жылғы 31 мамырдағы хаттамасы

Төрағалық еткен: С.А. Баймурзина – Қоғамдық кеңестің төрайымы

Қатысқан Қоғамдық кеңестің мүшелері:

Н.А. Аслиева, Б.А. Бакитжанов, Р.Г. Валеев, А.А. Ворожеев, Е.А. Запорожану, Б.А. Сапарова, И.О. Шматко

Шақырылғандар: Д.А. Бектыбаева – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Федоров ауданының білім бөлімі» ММ басшысы

В.Г. Воробкало – «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы

Ж.Ж. Айменов – «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы

Г.Б. Умертаева – «Федоров ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу қызметінің басшысы

И.А. Бекмухамбетова – «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысының м.а.

М.Б. Ахметчин – Федоров ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры

 КҮН ТӘРТІБІ:

  1. 2024 жылдың жазғы кезеңінде балалардың демалысын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы.

(ақпарат. Д.А. Бектыбаева)

  1. Федоров ауданында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы.

(ақпарат. И.А. Бекмухамбетова)

  1. Федоровка ауылының тұрғындарына газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану үшін жағдай жасау туралы.

(ақпарат. Ж.Ж. Айменов)

  1. Федоров ауданының тұрғындарына мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша қоғамдық бақылау жүргізу туралы.

(ақпарат. Г.Б. Умертаева)

  1. Абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазарту жөніндегі іс-шараларды өткізу барысы туралы.

(ақпарат. Б.А. Бакитжанов)

ТЫҢДАЛДЫ: Д.А. Бектыбаева – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Федоров ауданының білім бөлімі» ММ басшысы.

2024 жылғы жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, жұмыспен қамтылуын және бос уақытын қамтамасыз ету және ұйымдастыру жөніндегі жоспарға сәйкес 1-10 сынып оқушыларын жазғы кезеңде сауықтырумен, демалыспен, бос уақытпен және жұмыспен қамту картасы және жұмыспен қамту базасы жасалды (әр бала бойынша жеке-жеке).    

(ақпарат қоса беріледі)

СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР: Н.А. Аслиева, С.А. Баймурзина

ШЕШТІ:

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Федоров ауданының білім бөлімі» ММ-не жазғы кезеңде ата-аналардың қырағылығын арттыру мақсатында WhatsApp ата-аналар чаттарында және басқа да мессенджерлерде балалардың мінез-құлқының қауіпсіздік қағидаларын, сондай-ақ жазғы кезеңде балалардың қаза болуына жол бермеу бойынша жүргізілетін жұмыстарды үнемі жариялап отыру ұсынылсын.

ТЫҢДАЛДЫ: И.А. Бекмухамбетова – «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысының м.а., М.Б. Ахметчин – Федоров ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры.

(ақпарат қоса беріледі)

СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР: Е.А. Запорожану, Б.А. Сапарова

ШЕШТІ:

  1. Федоров ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры М.Б. Ахметчинге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың 11 жобасын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдау ұсынылсын.
  2. Жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру, олардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілсін.
  3. Жастардың зиянды өмір салтын таңдаудың теріс салдары туралы білімдерін кеңейту, суицид пен қылмыстың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілсін.

ТЫҢДАЛДЫ: Ж.Ж. Айменов – «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы.

(ақпарат қоса беріледі)

СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР: С.А. Баймурзина, А.А. Ворожеев

ШЕШТІ:

«Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы В.Г. Воробкалоға әлеуметтік желілерде, БАҚ-та («Федоровские новости» газетінде) профилактикалық жұмыстарды, техникалық қызмет көрсетуді уақтылы жүргізу мақсатында қызмет көрсететін ЖШС-мен шарттарды қайта жасасу қажеттілігі туралы мақала жариялау ұсынылсын.

ТЫҢДАЛДЫ: Г.Б. Умертаева – «Федоров ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу қызметінің басшысы.

(ақпарат қоса беріледі)

СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР: С.А. Баймурзина, Б.А. Сапарова

ШЕШТІ:

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық бақылау мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыс жалғастырылсын.
  2. «Федоров ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметр көрсету сапасын ішкі бақылау қызметінің басшысы Г.Б. Умертаеваға, Қоғамдық кеңес мүшелеріне, «AMANAT» партиясының мүшелеріне анықталған бұзушылықтардың, ескертулердің, ұсыныстардың орындалу барысын бақылау ұсынылсын.

ТЫҢДАЛДЫ: Б.А. Бакитжанов – Қоғамдық кеңестің мүшесі, Федоров ауылдық округінің әкімі.

(ақпарат қоса беріледі)

ШЕШТІ:

Б. А. Бакитжановтың ақпараты назарға алынсын.

Федоров ауданы

Қоғамдық кеңесінің төрайымы                                            С. Баймурзина

Дата публикации
04 июня 2024