Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы VI сессиясы отырысының 2024 жылғы 16 мамырдағы хаттамасы

Сессияны Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Берик Ескендирович Исенгазин ашады және жүргізеді.

Б.Е. Исенгазин

Қайырлы күн құрметті депутаттар және шақырылғандар!

Бүгін аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы алтыншы сессиясының отырысы өткізілуде.

11 депутаттан сессияға 8 қатысып отыр, қалған депутаттар  дәлелді себептер бойынша қатыспады. Кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.

Сессия жұмысына Федоров ауданының әкімі Тәуба Қайыржанұлы Исабаев қатысып отыр, сондай-ақ Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Арман Жақсыбекұлы Испудинов бейне-конференц байланыс тәртібінде қосылды.

Сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  шақырылды.

VI сессиясының күн тәртібінде мынадай мәселелер ұсынылады:

  1. Федоров ауданы аудандық бюджетінің 2023 жылы атқарылуы туралы есепті бекіту туралы.
  2. Федоров ауданы ауылы, ауылдық округтері бюджеттерінің 2023 жылы атқарылуы туралы есептерді бекіту туралы.

Құрметті депутаттар, сессия күн тәртібінің жобасы Сіздерге алдын ала таратылды.

Күн тәртібін бекітуді сұраймын. Басқа ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.

Егер басқа ұсыныстар болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы VI сессияның күн тәртібі туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.           

Регламент бойынша: қарастырылатын мәселелер бойынша қажеттілігіне қарай уақыт бөлуді, барлық ұйымдастыру мәселелерін ашық дауыс беру арқылы шешуді ұсынамын.

Құрметті сессияға қатысушылар, мәселелерді қарастыруға кіріспес бұрын, депутаттар сессия материалдарын алдын ала алғанын және олардың онымен танысуы мүмкін болғанын атап өткен жөн. Алдын ала қарауды талап ететін мәселелер тұрақты комиссияның отырысында қаралды.

Құрметті депутаттар, күн тәртібінің бірінші мәселесіне кірісейік – Федоров ауданы аудандық бюджетінің 2023 жылы атқарылуы туралы есепті бекіту туралы.

Баяндама жасау үшін Федоров ауданының әкімі Тауба Каиржанович Исабаевқа сөз беріледі (баяндамасы сессияның хаттамасына қоса беріледі).

/Т.Қ. Исабаевтың сөзі/

 Б.Е. Исенгазин

Тауба Каиржановичке сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.

Б.Е. Исенгазин

Федоров ауданы бюджетінің атқарылуына бақылау жүргізу нәтижелері туралы Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Арман Жаксыбекович Испудиновке сөз беріледі (баяндамасы қоса беріледі).

/А.Ж. Испудиновтің сөзі/

 Б.Е. Исенгазин

Арман Жаксыбековичке сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.

Б.Е. Исенгазин

Аудандық бюджеттің кіріс бөлігін 2023 жылы атқару бойынша «Федоров ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ерден Темиралиевич Ермухамедовқа сөз беріледі (баяндамасы қоса беріледі).

/Е.Т. Ермухамедовтың сөзі/

Б.Е. Исенгазин

Ерден Темиралиевичке сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.

Б.Е. Исенгазин

Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Алексей Мерекеевич Байназаровқа сөз беріледі (баяндамасы сессияның хаттамасына қоса беріледі).

/А.М. Байназаровтың сөзі/

Б.Е. Исенгазин

Тағы сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

Б.Е. Исенгазин  

Құрметті депутаттар! Федоров ауданы бюджетінің 2023 жылы атқарылуы туралы есепті бекітуді ұсынамын.

Басқа ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз, қарсылықтарыңыз бар ма?

Егер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Федоров ауданы бюджетінің 2023 жылы атқарылуы туралы есепті бекіту туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

 Күн тәртібінің екінші мәселесі – Федоров ауданы ауылдық округтері және Новошумный ауылы бюджеттерінің 2023 жылы атқарылуы туралы есептерді бекіту туралы.

Құрметті депутаттар! Осы мәселе бойынша Тауба Каиржанович және Арман Жаксыбекович бізді хабардар етті, сондай-ақ депутаттар онымен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысында егжей-тегжейлі танысты.

Шешім жобасы Сіздерге алдын ала таратылды.

Ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз, қарсылықтарыңыз бар ма? Жоқ.

Егер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Федоров ауданы ауылдық округтері және Новошумный ауылы бюджеттерінің 2023 жылы атқарылуы туралы есептерді бекіту туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Б.Е. Исенгазин

Құрметті депутаттар мен шақырылғандар, Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы  VI сессиясының күн тәртібіндегі мәселелер қарастырылды.

Сессияны жүргізуде ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.

Өтінішпен немесе хабарламамен қатысушы депутаттар бар ма? Жоқ.

Сессия аяқталды.

Жұмыстарыңыз үшін рақмет!

Федоров аудандық

мәслихатының төрағасы                                                     Б. Исенгазин

Дата публикации
17 мая 2024