Федоров ауданы аудандық бюджетінің
2023 жылы атқарылуы туралы
Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Федоров ауданы әкімінің орынбасары К.К. Муратованың, «Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж.Ж. Бексултановтың «Федоров ауданы аудандық бюджетінің 2023 жылы атқарылуы туралы» ақпараттары мәліметке алынсын.
- Ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшыларына Федоров ауданы бюджетінің 2023 жылы атқарылуы туралы есепті қарастыру қорытындылары бойынша әзірленген Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының ұсыныстары мен ұсынымдарын назарға алу ұсынылсын.
- Осы мәселе Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы VІ сессиясының қарауына енгізілсін.
- Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Алексей Мерекеевич Байназаровқа Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы VІ сессиясында аудандық бюджеттің 2023 жылы атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындымен сөз сөйлеу тапсырылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Бюджет, экономика, жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссияның төрағасы А. Байназаров